Home » Жаңалықтар » Елордада «Біздің таңдауымыз – спорт, денсаулық және мәдениет» тақырыбында қалалық кинобайқау өткізеді

Елордада «Біздің таңдауымыз – спорт, денсаулық және мәдениет» тақырыбында қалалық кинобайқау өткізеді

2016 жылғы 21 желтоқсан күні Астана қаласының Білім басқармасы және №2 Өнер мектебі «Біздің таңдауымыз – спорт, денсаулық және мәдениет» тақырыбында қалалық кинобайқау (бейнефильмдер байқауы) өткізеді. Шығармашылық сайыста елордамыздағы жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сыныптары және колледж студенттері бақ сынайды.

Байқаудың мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау. Жастар мен жасөспірімдердің отансүйгіштікке, әлемге құрметпен қарауға, бейбіт өмірдің қадірін ұғынуға және белсенді өмірлік ұстанымға тәрбиелеу. Кино өнері саласындағы ұлттық мәдениет дәстүрін жаңғырту, бейнефильмдер әзірлейтін жас операторлар мен дарынды жас авторларды анықтау, олардың шеберліктерін арттыру.

Өткізу тәртібі: Байқаудың ережесіне сәйкес әрбір мектеп келесі жанрлардың бірі бойынша бір қысқа метражды фильмді (5-7 мин.) дайындайды (тақырып: «Біздің таңдауымыз – спорт, денсаулық және мәдениет»):

-музыкалық фильм (мюзикл);

-әлеуметтік ролик.

Бағалау: байқауға қатысушылардың сюжет таңдаудағы тапқырлығын, актерлік шеберлігін, сахналық мәдениетті, тіл тазалығын, сөйлеу мәдениетін, киімді, музыканы, декорацияның үйлесімділігін, көріністегі режиссердың шеберлігін, фильмнің өзектілігі, сонылығы, монтаждалуы, тақырыпқа сай келуі, қарауға қолайлығы және қабылдау жеңілділігі.

Марапаттау рәсімі 2016 жылғы 23 желтоқсан күні сағат 11.00-де №76 мектеп-лицейінде өтеді. Марапаттау рәсіміне барлық қатысушылар және жетекшілер шақырылады.

Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлденің, әр жанр бойынша 1,2,3 орындардың және «Үздік режиссер», «Үздік сюжет», «Үздік монтаж», «Үздік операторлық жұмыс», «Үздік сценарист», «Үздік идея», «Үздік дыбыс режиссеры», «Үздік актер», «Үздік актриса», «Үздік безендіру», «Үздік әуенмен әрлеу», «Көрермендер көзайымы» аталымдарының жеңімпаздары анықталады.

«№2 Өнер мектебі» МКҚК

Мекен-жайы: Астана қаласы, Түркістан 10/1,

№ 76 орта мектептің 3-ші қабаты

Тел:49-07-82

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.