Home » Жаңалықтар » Елордадағы № 44 орта мектебінде «Педагогтың шығармашылық жазу дағдыларын дамыту» атты тренинг өтті

Елордадағы № 44 орта мектебінде «Педагогтың шығармашылық жазу дағдыларын дамыту» атты тренинг өтті

Астана қаласының № 44 орта мектебінде 31 қазан күні республикалық «Білім айнасы» газетінің бас редакторы Қ.Қатшабаевтың тікелей қатысуымен «Педагогтың шығармашылық жазу дағдыларын дамыту» атты тренинг болып өтті. Жоғарғы деңгейде өткізілген тренингке мектебіміздің көптеген ұстаздары қатысты. Көптен бері жүрегіміздің түбінде жатқан үлкен бір мәселенің ашылып, шешуін тапқанына өте қуаныштымыз.

Ұстаздық етумен қатар, балалар әлемінде өмір сүруімізге байланысты кездесетін қуаныштарымызбен бөлісетін және өзіңнің шығармашылық еңбегіңді жария ете алатын бірден –бір ақпараттық құралмен жұмыс істеу бақытына ие болып, аталған газеттің штаттан тыс тілшілеріне айналдық.

Республикалық деңгейдегі газеттің мектеп өміріне бет бұрып, қарапайым ұстаздарды қолдау барысында жүргізген жұмыстары үшін газет басшылығына ризашылығымыз шексіз. Ата-аналар, оқушылар мен ұстаздарға арналған ақпараттық-жарнамалық газетіміздің ғұмыры ұзақ болсын!

Сейтжанова Сауле Барамисовна,

№ 44 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі.

img-20161107-wa0001 img-20161107-wa0000 img-20161106-wa0039 img-20161106-wa0038 img-20161106-wa0036 img-20161106-wa0035 img-20161106-wa0034 img-20161106-wa0033 img-20161106-wa0032 img-20161106-wa0031 img-20161106-wa0030

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.