Home » Жаңалықтар » Елбасы Жолдауындағы басымдықтар ұстаздардың қоғамдағы рөлі мен олардың әлеуметтік жағдайының жоғары болуына негізделді

Елбасы Жолдауындағы басымдықтар ұстаздардың қоғамдағы рөлі мен олардың әлеуметтік жағдайының жоғары болуына негізделді

 Елбасының Жолдауы-қоғамның даму жолындағы жаңашыл ауқымды стратегия. Жолдауда Елбасы: «Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс», — деп білім саласының қызметкерлері үшін тың серпіліс жасады.

Бүгінгі мектеп оқушылары – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын жастар. Білім­ мен тәрбиенің өркендеуі — өркениетіміздің өне­гелі өлшемі. Ұстаздардың мәртебесін асқақтататын өлшемдердің бірі — саналы ұрпақ өсіріп, сапалы білім мен тәрбие беру. Елбасымыз Тәуелсіз Қазақстанның келешегі қашанда қоғамдағы білім деңгейіне тәуелді екенін үнемі алға тарады. Білім беру саласындағы сенім мен жауапкершілікті арқалаған ұстаздардың қоғамдағы рөлі мен олардың әлеуметтік жағдайының жоғары болуын негізге ала отырып, Елбасы кезектегі Жолдауында білім беру жүйесін дамытудың маңызды стратегиялық бағыттарына басымдық берді.

Жолдаудың «Тұрмыс сапасын арттыру» атты екінші бағытында айтылған мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту, орта білім жүйесі, білім берудің жаңа сапасы жайлы Елбасының ұсыныстары қоғам үшін өте маңызды болмақ.  Елбасы білім беру сапасын көтеруді қамтамасыз ететін және білім алудың қолжетімділігін арттыратын тиісті реформаларды жүзеге асыру үшін Жолдауда білім беру саласына айқын мақсат-міндеттер қойып, педагогтерге үлкен жауапкершіліктер жүктеді.

Нурлыбаева Жанат Лесбековна,

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиал Түркістан облысы

 және Шымкент қаласы бойынша

ПҚБАИ   «Басқару және білім беру сапасы»

кафедрасының аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.