Home » Жас қалам » Елбасы – ел тірегі

Елбасы – ел тірегі

Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған жерім-Қазақстан даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді, жанашыр өлке. Қазақстанда туылғаныма, қазақ қызы деген атқа ие болғаным мені қуантады.Республиканың өз алдына дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 27 жыл толғалы отыр.Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді.Өз еліңде бақытты, тыныш, мамыражай өмір сүргенге не жетсін. Алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміз тыныш болып жатқанына қуанамын.Сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жүрген ерікті елдің қызының бірімін.Кеудемді қуаныш кернейді.Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын.Осы күнге жеткеніміз, тыныш өмір сүріп жатқанымыз тек Елбасымыздың арқасы деп білемін.1-желтоқсан тұңғыш президент күні. Біздің елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанға сіңірген еңбегі зор. Елге, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған, болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін ұлағатты тұлға деп білемін.Өткенінің өзі-көпке үлгі болар өмірбаян.Еліміздің елдігін көрсетіп, елдігін танытқан да осы біздің елбасымыз. Ол-талантты тұлға өз елін, жерін сүйетін ұлтжанды азамат. Елбасымыздың еліне деген, жеріне деген махаббатын көрмеу мүмкін емес. Біз оны елбасымыздың әрбір ісінен, сөйлеген сөзінен, халыққа жолдаған жолдауынан білеміз. Қазақстанды тәуелсіз елдер қатарына қосып, қажырлық пен жұмыс жасау арқылы еліміз ең үздік елу мемлекеттің қатарына кірді. Қазақ халқының атын әлемге танытқан алаш баласының абыройын асқақтатқан тұлға-Елбасы.Ол-менің Президентім. Мемлекет басқару-бұл өте қиын іс мәртебелі міндет.Біздің Елбасымыз осы істерді атқаруға бар күш-жігерін жұмсайды.Қазақстанның әр облыс орталықтарына, қала, аудандарына барып халықпен кездеседі.Елбасымыз жастарға көп көңіл бөледі, олардың тілектерін тыңдап, жастар мәселелерін шешеді.Жастарға өз бетінше жұмыс жасауға бар мүмкіншілікті беріп отыр.Себебі болашақ-біздің қолымызда. Елбасымыздың игі істерінің бірі — мемлекетіміздің Тәуелсіздігі.Тәуелсіздіктің арқасында еліміз көркейіп, Астанамыз гүлденуде. Біздің елімізде тұратын жүз отыздан астам ұлт өкілдері бір-бірімен тату-тәтті тұрады.

Елбасымыз шыдамдылықпен, еңбекқорлықтың арқасында әлемге танылды. Ең үздік саясаткер ретінде бүкіл әлем халықтарына әйгілі тұлға. Елбасымыз жастар болашағы үшін жарқын болашақ есігін айқара ашты.Білім алып, елімізді басқа да үлкен мемлекеттерге таныту мақсатында Болашақ бағдарламасын жасады.Қазақ жастары білім алсын деген сеніммен, өзінің атында мектеп және жоғары оқу орындарын ашты. Біз ең бай мемлекетпіз, халқымыз ең бақытты халық. Даламыз егісті, Ордамыз кеңесті. Елбасының үздік еңбегі осы нұрлы күнге жеткізді.Табандылықпен жасалған істің, әрқашанда жүзеге астынын біле отыра, біз де елбасымызбен бірге болашақты құру мақсатында жүріп жатқан барлық іс-шараларға атсалысып, қалмай бір ағыммен жүріп келеміз.

Біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-дана адам. Біз өз болашағымызға сенімдіміз, біз өзіміздің Елбасымызға сенім артамыз.Әлемдегі танымал зияткер адамдардың барлығы, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаткерлік қызметіне ең жоғарғы баға берді.Оның куәсі ретінде Татарстан мемлекеті біздің елбасымызға ел ағасы деген атақ беруін атап өтуге болады.Біздің елбасымыз өз елінде бейбітшілікті сақтап қана қоймай, әлемдік саяси мәселелерді шешуге де, белсене ат салысатын тұлға.Барлық әлемге бейбіт өмір сүріңдер деп ұран салған да біздің елбасымыз. Қазақстанның жаңғыруының, дамуының басты бағыты ретінде елбасымыздың Нұрлы Жол-болашаққа бастар жол атты Қазақстан халқына жолдауынан білуге болады.Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстанның жаңа экономикалық саясатын дамытып, әлемде ең дамыған елдердің қатарына қосу деп білеміз.Біздің елбасымыз Қазақстан халықтарының мүддесі үшін қызмет етеді.Біздің елбасымыз әр сөзінде жастарды экономикалық жағынан дамыған, тәуелсіз және қуатты Қазақстанды салуға белсенді үлес қосуға шақырады. Нұрлы жол тұрақтылыққа,тыныштыққа, көркеюуге бастайтын жол деп білемін.

Қазақ халқының осындай биіктерден көрінуі, халықты бірлікке, еңбекқорлыққа, татулыққа шақырып отырған елбасымыздың алға қойған мақсаттарының арқасы. Мен осындай елде туып, өсіп жатқаныма ризамын. Елбасым еңбектерін ерекше бағалап, құрметтеймін.Елбасының еренді, қажырлы  еңбектерінен үлгі аламын.

Қазақстан жастарының болашағына алаңдап,барлық мүмкіндікті жасап отырған елбасымды менің атам деп аузымды толтырып мақтан етемін. Н.Ә.Назарбаев біздің тұңғыш президентіміз,тарихта аты қалатын ел ағасы,аты әлемге танылған тұлға деп білемін.

Елбасына арнау

Президент болу бақыты,

Ол-Алланың таңдауы.

Алла таңдап тұрған соң,

Бүкіл ел сізді қолдайды.

Ел бағына туған ер,

Сіздей-ақ болсын Елбасы.

Ұзақ ғұмыр тілейміз,

Үлкендер және ел жасы.

                                                                    Аманбаева Айдана Бауыржанқызы
 Қараөткел ауылы
№6 орта мектебінің 11 «А» сынып оқушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.