Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Мен сізді Елбасы ретінде құрметтеймін. Сіздің елімізге істеген барлық еңбегіңізге,ешқандай мұра тең емес. Сіз арқылы еліміз дүние жүзі ғаламына құлаш ұрды. Туған елімізді бұрынғыдай емес, қазір көп елдер танып, біліп, бүгінде келіп тамашалауда. Қазақ жерінің кең-байтақ жеріне, әдемі де әсемпаз табиғатына Астананың құшақ жаярлық келбетіне, қазақ жерінің сырлы да бай тарихына, халқымыздың алуан түрлі салт-дәстүріне әрбір шетелден келгендер таңғалуда.
Астанамыз — біздің еліміздің ұлттық мақтанышы. Қазір Астана — тұғыры биік, еңсесі көкке көтерілген, жыл сайын дамып, көркейіп келе жатқан дүние жүзі бойынша дамушы, жас қалалар санына қосылды.
Өзімнен өткен жәйтті айта кетсем, өзіңіз білгендей, қазір көпшілік жастар интернет арқылы байланысып, хабарласуда. Оның ішінде Facebook-та мен Астанада болған Ұлыбритания азаматының сөзін сізге жазсам:
<Honestly, I think Astana nicer than London more modern!>
Осындай ұқсас сөздерді бір емес көптеген шетелдік азаматтардан естідім. Құлаққа жағымды, жүрекке жылы естіледі.
Осындай биік дәрежеге жетіп, еліміздің аспаны ашық, халқымыз ынтымақтастықта тұрғаны, барлығы да сіздің арқаңыз! Сізге өзімнің және отбасымның атынан шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Астана қ
№32 мектеп-гиманзия
Толепбергенова Алина