Home » Есеп » «Ойын технологиясы – оқушылардың математикалық біліктілігін дамытудың бір тәсілі»

«Ойын технологиясы – оқушылардың математикалық біліктілігін дамытудың бір тәсілі»

Астана қаласы
№67 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
Бекеева Туйме Кожакуловна

Елбасының «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауында «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуға бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Осыған орай,үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пәндер бойынша білім сапасын арттыру керек.» деп айтылған.

Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment – РІSА) болып табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.
РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т.б әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады.
РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық

Еліміздің егемендік алуына байланысты жалпы білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде кайта қаралып,  оны  жетілдіру жолдары іздестірілуде. Болашақ коғам мүшелерінін өмір сүріп нәтижелі қызмет етуінде математикалық білімдердің жасайтын ықпалы мол.

«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек »,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің щебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді .

Математика пәнін жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі , оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс – амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін , оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы

Орта мектепте математиканы оқытудың білімділік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен қолдана алудың іскерлігі мен дағдыларын берік қалыптастыру мен ой-өрісін дамыту болып табылады.

Ал оның негізгі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сынып математика сабагында әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру көкейкесті мәселе.

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жумыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Математика пәні  оқушылардың өз ойын қысқа, дәл және дұрыс айтып бере алуы үшін зор мүмкіндіктер туғызады. Білім сапасын арттыру әр мұғалімнен шығармашылықпен жұмыс жасауды талап етеді. Мұғалімнің басты мақсаты оқушыларға терең де тиянақты білім беру. Сабақты қызықты, тартымды өткізу  мұғалімнің білімділігіне, қабілетіне, тапқырлығына және сабақтың әр түрлі әдіс тәсілдерін орынды қолдана білуінде. Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы жоғары болса ғана бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді. Мұғалім математика сабағында оқушылардың  қызығушылығын тудыру үшін ойындар ұйымдастыруына болады.Ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл–күйі ,баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады.Физика, химия, тарих т.б. пәндерімен байланысып білім – білік дағдылары артып, пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының артуына ықпал етеді. Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған. Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі. Басқа да кез- келген іс-әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезінуі керек.

Ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтады. Ойынды қолдану сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, материалды қажетті деңгейде игеруіне ықпал етеді. Ойындар мазмұны баланы қызықтыра алатындай құнды болуы керек. Ойын әрекеті сабақта игерілген білім, білік, дағдыға сүйене отырып оқушылардың өзіне және басқаға сын көзбен қарап, тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады. Ең бастысы әлеуметтік психологиялық талаптардың бірі – шынайы қарым-қатынас практикасы мен ойынның логикалық үйлесімінің болуы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.
Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі.  Ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түседі. Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар қарпайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударылады. Білім бағалаудың бұл әдісі оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыруы, мектепте өткізілетін әр түрлі жұмыстардың атқарар рөлі зор.

Ойын технологияларының белгілері: ойын үлгісінің бар болуы, ойын қойылымдары, рольдік позициялар, альтернативалық шешімнің мүмкіндіктері, жобаланған нәтижелер, бағалау критерилері, сезім әрекетінің серпілуінің бар болуы. Ойынды топтастырудың әртүрлі ыңғайы бар. Өңделген үлгіленген жағдайдың мінезделуіне қарай, ойын процесінің мінезіне қарай, ақпаратты өңдеу және тарату тәсілдеріне қарай, танымдық, қызықты театрланған, рөлдік, имитациялық еліктеу және т.б. ойындар қолданылады.

Педагогикалық процесс мінезіне қарай ойынды келесі топтарға бөлуге болады:

  1. Оқыту, жаттығу, бақылау және талдап қорыту;
  2. Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;
  3. Репродуктивті, продуктивті, шығармашылық.
  4. Коммуникативті, диагностикалық хабардар ету және т.б.

Сабақта дидактикалық тапсырмалар арқылы ойынды оқыту, бақылау және талдап қорыту деп бөлген дұрыс.

Оқыту ойыны – бұл  ойында оқушылар жаңа білім, ептілік пен дағдыны алады (үйренеді). Жаңа білімді меңгерген кезде ойын мүмкіндіктері дәстүрлі емес оқу формасына жол береді, сондықтан оқыту ойыны салыстырмалы түрде аз қолданылады.

Бақылау ойыны – бұл ойын өтілген білімді тексеру және бекіту, қайталау кезінде дидактикалық мақсатта құрылған. Пысықтауға арналған ойындар интеграциялық білімді талап етеді, пәнаралық байланысты анықтауға мүмкіндік береді, әр түрлі жағдайларда епті әрекет етуге бағытталған.

Ойын технологиясын оқытудың сатылары

  1. Ойынға кіріспе: берілген ойынның мазмұнын анықтау, алынған ақпаратты талдау, ойын топтарын құру, рөлдерді бөлу;
  2. Баяндалған дайын объектіні құрастыру; топтардағы ролдік қатынас, форматтық баяндалған объектіні оқып білу;
  3. Топ жобаларын бағалау; ұсынылған жобаларды талқыға салу.
  4. Ұсынылған жобаларды экспериментальды жүзеге асыру; ойыншы әрекеттері мен жобаларды бағалау, ойындарды талдау.

Ойын оқушының негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиалогиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын оқушының даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады .
Ойын өзінің тек мазмұнымен оқушыларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей, әдеттегі бірсарынды сынып сабағындағы үңдемес оқушылар ойын кезінде өте белсенді болады. Өйткені ойын кезінде ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Мұғалім балалар ерекшеліктерін – мінез, темперамент, ұжымшылдық, тәртіп, ерік т.б. жағдайларын ескеріп ұйымдастыруы қажет және ойынның мақсаты, міндеттері, мазмұны мен жүрісін анықтау керек. Мұғалім ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі, балалардың даулы нәрселерін шешіп беретін әділ төрешісі,сонымен бірге ойын барысында олардың жолдасы бола алады. Мұғалімнің міндеті — ойын барысында балалар арасында адамгершілік қарым-қатынастарды талдап, зерттеу, оны тиімді әдістермен басқару, балалардың достығын қолдау. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ықыласпен тыңдап, жемісті меңгеруіне әсер етеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.

Енді мен алдарыңызға,  өз іс –тәжірибемнен өтілген жұмыстарды ұсынамын.

  1. 1. «Қояндарды құтқару»  ойыны. Мақсаты: тапсырманы дұрыс орындап, қояндарды тордан құтқару. Бұл ойында оқушыларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеуге болады. Сонымен бірге өз ісіне деген жауапкершілігі артады.
  2. 2. «Аңшы мен үйрек» ойыны. Бұл ойынға 4 оқушы шығады. Ойынның шарты бойынша аңшы оқушылар бірінші есеп шығарып болса, үйректерді торларына түсіреді. Ал үйрек оқушылар тапсырманы бірінші орындаса тордан құтылып кетеді.
  3. «Балық аулау» ойыны. Қазір балалар көктем мезгілі. Балықшылар өзеннен балық аулайды. Бізде бүгінгі сабақта балық аулаймыз. Ойынның шарты бойынша балық аулап, берілген тапсырманы орындаймыз.
  4. Семантикалық карта

Кестеде тігінен тапсырмалар берілген, ал көлденеңінен жауаптары берілген.Тапсырма мен дұрыс жауап сәйкес келетін клеткадағы әріптерді тізіп жазсақ, Білім туралы жақсы ой сөйлем шығады.

  1. Тірек кесте

Берілген тапсырмалардың шешімін дұрыс тауып толтырса, шеңберге қатысыты ұғым атауын оқисың.

  1. «Күн шуағы» ойынының шарты.

Бетін бұлт жапқан күннің бейнесі.

Оқушылар қатар –қатар болып , жаңа тақырыпқа байланысты есеп шығарды. Дайын болған қатар күннің шуағын тақтаға жабыстырды. Әрбір күннің шуағында бір теңдеу. Қай топтың жауабы дұрыс болса, сол топтың күні шайдай ашылады.

Дұрысын анықта» ойыны.

Қате және дұрыс жазылған ереже немесе формулалардың дұрыстығын анықтайды.

  1. «Ұста,ұстама» ойыны .

Қорытынды ретінде оқушылар  бір-біріне   тақырып бойынша әр түрлі сұрақтар бере отырып, допты лақтырады, допты ұстаған оқушы тез жауап беріп, ұпай жинау керек. Егер жауап бере алмаса топтан ұпай кемітіледі. Осылай топ оқушылары кезек-кезек допты лақтырып сабақты қортындылайды.

  1. «Өрмекші торы» ойыны

Оқушылар   шеңбер бойымен орналасады.  Қорытынды  ретінде оқушылар   кезекпен  бір-біріне жіпті лақтыру арқылы    сабақта  өтілген материалды қайталайды.

  1. «Сақина тастау» ойыны. Берілген мысалды тақтаға шығарып, сақинаны оқушы өзі қалаған  оқушыға  салады. Ойын  осылайша  жылдам   түрде жалғасады.
  2. «Көрші-көрші» ойынының мақсаты сандардың ретін меңгеру. Яғни, мұғалім бір санды атайды, сол сан тағылған бала ілгері шығып, балалардың алдына тұрады. Сонаң соң мұғалім бұл санның көршілері қатарына тұрыңдар дейді. Сол санның көршілері орынжарына тұру керек.

Педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін – өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталаған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды  жедел әрі сапалы меңгертуге бағытталған.

Оқу ойыны – бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Зерттеулер көосеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен  көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады. Бүгінгі таңда оқушы біліміне қойылатын талап өте жоғары. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін бағдарлама бойынша тиісті білімді беру жеткіліксіз. Оқушының ой – өрісін кеңейтіп, қабілеттерін ерекшелеуде, білімдерін нығайтуға математикалық ойындардың атқарар рөлі өте зор. Өйткені,  математиканы оқып үйренуге деген қызығушылығы мен танымдық белсенділігін арттыруда, алған білімдерін қолдана білуге, қабілеттерін дамытуға ойынның мәні зор екенін көрсетеді.

Ойын арқылы оқыту технологиясы ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып, тиімді нәтижеге жетуге көмектеседі.

Сонымен, математика сабағында ойынның ерекше екендігіне көз жеткізе отырып, мынадай қорытындығы келдім:

  1. Математика сабағындағы ойын технологиясының пайдасы, қазіргі кездегі математиканы терең меңгеруге,  жаңа тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді;
  2. Қызықты тапсырмалар мен жаттығулар түрлері білімді меңгерумен қатар, оқушылардың танымдық, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін арттырады.
  3. Оқушылардың оқу қабілеттерін күшейтеді, күрделендіреді. Соның әсерінен ойлау жүйесін дамытады.
  4. Оқушылардың алған білімдерін тереңдетеді, сабақтың сапасын жақсартады;
  5. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.