Жастарға арналған жарқын бастама Екібастұз қаласында «Достықтың дархан ұясы» атты қалалық этномәдени фестивалімен бастау алды. Жастарды ұлттық мәдениет пен дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу, жастар арасындағы этносаралық қатынастарды үйлестіру, қарым-қатынастың төзімді мәдениетін қалыптастыру, халықтардың ұлттық дәстүрлі мәдени мұрасын сақтау, дамыту және көпшілікке тарату мақсатын көздеген бұл фестивальге қала мен ауылдық округтерден 150-ден астам жас педагогтар қатысты.
Өнер додасында жас педагогтар Екібастұзда тұратын 13 этностың мәдениетін көрсете отырып, өзге ұлттар арасындағы бірлікті, татулықты паш етті. Фестиваль қорытындысы бойынша, «Үздік би нөмірі» номинациясын №25 мектептің орыс этносы – «Сударь мен сударушкалар» командасы иеленді. «Үздік вокалдық орындау» номинациясы №26 мен №11 мектептердің неміс этносы болған «Froinshaft» командасына бұйырды. №2 және №4 мектептердің өзбек этносы болған «Дустлик хайот» командасы «Халық мәдениетінің өзіндік ерекшелігі мен бірегейлігі» номинациясын, ал, Зеленая Роща ауылындағы Шідерті мектебінің қырғыз этносы «Көркем бейненің бастамасы мен артистизмі» номинациясын алды. №17 мектептің беларусь этносы болған «Чароуництер» және №2 мектептің әзірбайжан этносы «Яхси» командасы «Орындау көріністері мен сахналық мәдениеті» номинацияларына лайық деп танылды. №10 мектептің корей этносы «Хангук« корей этносы «Фантазия және хантазия» номинациясын, №7 мектеп-гимназиясы, №33 мектептен шыққан татар-башқұрт этносының «Дуслар» командасы «Көрермен көзайымы» болды. №9 және №23 меткептердің еврей этносының «Бэяхад» командасы «Ұлттық колорит және орындау мәнерлілігі» номинациясын жеңіп алды. Украин этносы болған №5 меткептің «Світанок» командасы «Көркем дәм және ұлттық мәдениет», №36 меткептің поляк этносы «Пьенкна млодощьчь» командасы «Сюжеттің түпнұсқалығы және орындаушылық шеберлігі» номинацияларын иеленді. №24 мектептің орыс этносы «Сударь және сударушкалар» командасы мен №18 мектептің поляк этносы «Пьенкна млодощьчь» командасы «Шығармашылық көзқарас және сахналық әртістік» номинацияларын бөлісті. №6 ж»не 21 мектептердің қазақ этносы «Біз қазақпыз» командасы «Салт-дәстүрді сақтау және орындау шеберлігі» номинациясына ие болды.
Айдана Айтуған,
Екібастұз қаласы,
Павлодар облысы