«Өрлеу «БАҰО АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ» ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша тарих пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары өтті.
Курс бағдарламасының тиімді ойластырылғаны ұстаздарға өзара үнемі байланыста болуға мүмкіндік берді, тыңдаушыларға теориядан тәжірибеге тез көшуге көмектесті, соның негізінде оқытудың жаңа жобасын меңгеруге жағдай жасады. Мұндай жұмыстар уәж беріп, келешекте жаңа жағдайда қызмет етуге көмектеседі.Курс өзінің мазмұны мен, жаңашылдығымен ұнады, «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» пәндерін оқытуына жаңаша қарауға септігін тигізді. Курс барысында критериалдық бағалау жүйесі, белсенді оқыту және сонымен қатар жаңартылған білім мазмұны аясындағы жоспралау үдерісіне ерекше назар аударылды.
Тренингтер мен жасалған тәжірибелік жұмыстардың мақсаты: шығармашылық ойлай алатын, жаңартылған бағдарлама аясында ең қиын мәселелерді шеше алатын маман даярлау. Курс барысында біз біліктілік кәсіби деңгейімізді көтердік.
Жаңа формациялы ұстаздарға оқушыларды ойлауға үйрету керек, дамып жатқан әлемде өмір сүруге дайын жеке тұлғаны дамыту қажет. Ұстаз тек ақпарат көзі емес, мәліметтерді мазмұндап тұратын және оқушыдан мазмұндауды талап ететін мұғалім болмауы керек. Оқушы үнемі өзі үшін жаңалықтар ашып отыруы тиіс. Бұл оқуға деген заманауи, шығармашылық амал. Егер ұстаз кәсіби өсуге дайын болса, оның оқушылары да табысты, жаңарған қоғамға қажетті болып өседі.
Филиал әкімшілігіне және курс кураторы, тренер Нұртаева К.Б. сапалы курсты ұйымдастырып, өткізгені үшін үлкен алғыс білдіреміз.
«Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог
кадрлардың біліктілігін арттыру курстың тыңдаушылары