Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласында жыршы-термешілердің Республикалық байқауы өтіп жатыр. Ақын, термеші, республиканың құрметті азаматы болған Шымболат Ділдебаевтың 80 жылдық мерейтойына ұйымдастырылған жарысқа Қазақстанның түпкір-түкпірінен сайдың тасындай сайып қыран 17 термеші жиналған. Дүбірлі жарысқа Жүрсін Ерман, Қонысбай Әбіл бастаған қазылар арнайы ат терлетіп келген.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмысы комитетінің мұрындық болуымен осындай шабытты шараға куә болдық.
Сайыс жүлдесіне Қарағанды облысы әкімі сый қосқан екен, толық ақпарат сюжетімізде, ол жайында міндетті түрде айтамыз.
Қуантай Амантайұлы
Білім айнасы