Home » Жаңалықтар » Дені саудың жаны сау

Дені саудың жаны сау

Астана қаласындағы №71 мектеп-лицейінің 2017-2018 оқу жылындағы Рухани жаңғыру: Жарқын болашаққа бастар жол бағдарламасын қолдау мақсатында 2-6 сыныптар арасында өткен «Дені саудың-жаны сау» атты шығармашылық көрме өтті.

Мақсаты: Білім алушыларды шығармашылық әрекетке тарту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың танымдық қызығушылықтарға ынталандыру.

Жас ұрпаққа адам денсаулығының басты байлық екендігін түсіндіру. Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру. Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.

Біз, бүкіл адамзатпен бірге үлкен тарихи кезең ХХІ ғасырда өмір сүріп отырмыз. Осы ғасырда өркениетті елдер қатарынан орын аламыз десек, біздің халқымыз салауатты қоғамда өмір сүруі керек.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әлқуаты» тармағында азаматтарымыздың өмірі соңына дейін сау болуы және жас ұрпақ дұрыс жетіліп, өсуі үшін денсаулығын күтуі керек.

Сонымен қатар 2017 жылғы Елбасымыздың РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: Жарқын болашаққа бастар жол бағдарламасын қолдау мақсатында №71 мектеп-лицейінде 01-10.02.2018 жыл аралығында 2-6 сыныптар арасында «Дені саудың-жаны сау» атты шығармашылық көрме өткізілді.

Адамның денсаулығы –қоғам байлығы. Әрбір адам өз    денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау, адамның көіңіл-күйі көтеріңкі болып еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз дені саудың-жаны сау деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі,көркеюі. Балалар сіздердің қолдарыңызда.  Сондықтан сендердің таңдауларың –салауаты өмір салтын  сақтау.

Көрмге 2-6 сыныптың оқушылары белсене ат салыса қатысты. Оқушылардың салған жұмыстарын қазылар алқасы қарап, әділ бағаларын берді.

Қазылар алқасының құрамы:

1.Досанова Сауле Антаевна –директордың оқу ісі жөніңдегі орынбасары

2.Сейдеш Ботагоз Болатбековна- директордың тәрбие жөніңдегі орынбасары

3.Оспанов Ербол Аманжолович — технология пәні мұғалімі

4.Тунгишбаева Жанар Бауыржановна- бейнелеу өнері мен сызу пәні мұғалімі

Шығармашылық көрмеден орын алған оқушылар тізімі:

1 орынға ие болған Жолдас Айзере 3 «Ж» сынып, 2- орын ға ие болғандар Жолшыбай Ақмарал, Оразбаева Мерей 3 «Ж» сынып, 3- орынға ие болғандар Қайроллаева Еркежан 5 «Ғ» сынып, Аманжол Ғайша 6 «А» сынып, 4- орынға ие болғандар Темирхан Батыр 3«Ж» сынып, Жақсыбек Әдина 5 «Ә» сынып, Тюлобаев Нуржан 6 «А» сынып .

Биік шындардан көріне беріндер.

 

Тунгишбаева Жанар Бауыржановна,
№71 мектеп-лицейдің
Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі,
Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.