Home » Ашық сабақтар » Демеева Ақжайық. Наурыз – біздің жаңа жыл!

Демеева Ақжайық. Наурыз – біздің жаңа жыл!

Демеева Ақжайық Ибрагимовна
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Бейнеу селосы,
«Балауса»бөбекжайы»МКҚК

                                2-санатты тәрбиеші

 

 

 

 

(Ертеңгілік)
Мақсаты: Ұлттық төл мерекеміз – Наурыз туралы балалардың түсініктерін кеңейтіп, халқымыздың салт –дәстүрін, әдет ғұрыптарын, қазақы құндылықтарымызды сақтауды насихаттау.
Балалардың табиғат, көктем мезгілі туралы түсініктерін толықтыру.

Жүргізуші:

Келіңдер наурыз тойға бәрің бүгін

Аямас өнерпаздар ән мен жырын

Тойлайық халық тойы Наурызымды

Шуағын жерге төккен бақыт күнін

Мерекеге сай безендірілген залға балалар музыка қоштауымен  билеп кіреді.

Ән: «Көктем келді.»

Жүргізуші: Бүгін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Наурыз деген сөзді қазақшаға аударатын болсақ «Жаңа күн» деген ұғымды білдіреді. Жаңа күн,яғни жаңа жылдың алғашқы күні. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың оянған күні. Барша мұсылман халқы Наурыз мерекесін жылдың ең әсем көктем мезгілінде  тойлайды.

Ән: «Көктем»

Жүргізуші: Көктемде қар еріп,күн жылынады,құстар ұшып келеді. Сай –саладан сарқырап сулар ағып, ағаштар гүлдейді. Көктемде жауын шашын болып, алқаптар жандана бастайды,  барлық тіршілік иелері ұйқыдан оянады.

Көрініс: «Саңырауқұлақ саясында»

 Музыка ойналып залға Алдар көсе кіреді.

Балалармен амандасады. Балаларға ұлттық ойын ойнатады.

Наурыз мерекесінің көрігін қыздыруға еліміздің батыр ұлдары келді.

Би: «Батырлар биі»

Залға әже кіреді.

Хош келдің,наурызым,ардақты,

Халқым саған бар үмітін артады.

Жылда осылай келе бергін жасарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Ұлыстың ұлы күні – наурызға тоқталып өтсек. Наурыз –ежелден жыл басы саналған, бұл күн қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі. Ұлыс күні әр үйде дастархан жайылып, келген қонақтар ас пен ақтан дәм татады. Бірін –бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Наурыз көжеге қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы –жаз тағамымен қауышуды білдіреді екен. Бұл күні ренжіскен адамдар болса,сол күні татуласып, бір –біріне игі тілектер айтады. Ән салынып, дәстүрлі ұлттық ойындар ойналады.

Айтыс: «Ұл мен қыз айтысы »

Би: «Домбыра »

Жүргізуші: «Адамның бір қызығы бала деген» -деп халқымыз бекер айтпаған. Шыр етіп дүниеге нәресте келгенде бөркін аспанға атып ,қуанбаған жан бар ма?

Бауырласқа тәнтіміз

Бұзылмаған антымыз

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүрі мен салтымыз – дей отырып біз бүгін назарларыңызға қазақтың ұлттық салт дәстүрлерінің бірі – тұсау кесер рәсімін ұсынамыз. «Тұсау кесер» — баланың ең алғаш қадам басқан тойы. Баланың қадамы нық болып,тез жүріп кетсін деген ырыммен еті тірі, жүрісі түзу адамға тұсау кесуді тапсырады.

Әже: Тоқ ішекпен кеседі. «тоқ ішекпен кескенім –тоқшылық болсын дегенім» бала аштық көрмесін, әрқашан тоқ жүрсін деп , малдың тоқ ішегімен тұсау кеседі

«Көк шөппен кескенім – көктей көгерсін дегенім» — деп тұсауды көк шөппен кеседі.

«Ала жіппен кескенім – адал болсын дегенім» деп адамгершілік қасиеті биік болсын, кісінің ала жібін аттамасын  деп ала жіппен кеседі.

Мен үшін адамгершіліктен асқан асыл қасиет жоқ. Ендеше балам адал болсын,біреудің ала жібін аттамасын деген ниетпен баламның тұсауын ала жіппен кесейін.

Жүргізуші: Тұсау кесілді, наурыз тойы тойланды. Енді ауыл ақсақалдарынан тойға,тұсаукесуге арналған бата сұраймыз

Жаппар ием қолдасын    Дамир

Жолды ашып оңдасын!

Құт дарысын үйіңе

Аман болсын отбасың!

Қасиетті дастархан,  Бектас

Арылмасын астардан!

Жылда болсын молшылық,

Наурыздан басталған!

Ырысты боп жеріміз,   Мадияр

Кірсін шалқар береке!

Өсіп –өніп еліміз,

Болсын әр күн мереке!

Сән салтанат сай болсын, Бекзат

Тұлпар шығар той болсын!

Ортаға толып достармен,

Көңіл өсіп жәй болсын!
Қыдыр келсін қасыңа,   Ерасыл.

Бақыт қонсын басыңа!

Денсаулығың зор болып,

Жет Жамбылдың жасына!

Жүргізуші:

Ілесіп наурызбенен көктем жетсін

Көңілін үлкен кіші көкке өрлетсін

Еңсесі көтеріліп ер азамат

Ескі жылмен реніш, өкпең кетсін – дегендей жаңа жылдарыңыз, наурыз мерекесі құтты болсын. Жаңа жыл бақыт,табыс, достық әкелсін.

Ән: «Наурыз жыл басы»

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.