Home » Жаңалықтар » ДАРЫН — БАР БАҚЫТТЫҢ БАСТАУЫ

ДАРЫН — БАР БАҚЫТТЫҢ БАСТАУЫ

«№102 ЖББМ» КММ-де Жетісу ауданы білім бөлімінің жоспарына сай, «Нұр Отан» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 19.10.2018 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Тілеуберді Бинашевпен дөңгелек үстел өтті.

Күш атасы Қажымұхан мен қазақ әнінің ұлық анасы Күләштің мүсіндерін қашаған — Тілеуберді Бинашевті мүсінші болуымен қатар, дала философы деуге болады. Себебі мүсіншінің шығармашылық дарыны кең, мүсіндік композицияларының тақырыбы ауқымды.

Оның терең мазмұн мен ой-толғауға толы әрбір мүсіндік композициясы форма, пластика, шеберлік жағынан дара туындылар. Атап айтар болсақ, «Ана», «Жеті қазына», «Байырқұмның баласы», «Мелдеш құдығы», «Қараханның қайғысы», «Сырдария», «Жылан жылаған жыл», «Тығырық», «Көкпар», «Пана», «Отар», «Сырласу», «Үштік» т.б. Мүсінішінің шығармашылығынан туған жерге деген махаббатқа толы тыпыршыған жанды сезінесің. Рухани құндылыққа толы жұмыстары оқушыларымыздың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық құндылықтарды қалыптастырады.

Осы кездесудің алдында оқушыларымыз Тілеуберді Бинашев туралы жақыннан білу мақсатында үйінен ашылған екі қабатты мұражайына экскурсияға барып қайтқан. Оқушылардың мұражайдағы көрмеден алған әсері, сәулетті кеңістіктер  олардың шығармашылық дүниесіне көз қарастарының дұрыс бағытта қалыптасуына әсер етті. Дөңгелек үстелде мүсінші Тілеуберді Мелдешұлы оқушыларға шығармашылық дара жолының қызықты тұстары жайлы әңгімелеп берді.

Қызықты сұқбат барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Кездесу соңында Тілеуберді Мелдешұлы мектеп әкімшілігіне ризашылығы мен алғысын білдіріп, өзінің кітабын мектеп кітапханасына тарту етті.

 

ДТІЖО: Ауэлбекова Г.У.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.