Home » Мақалалар » Дарынды ұстаз – бәсекеге қабілетті маман

Дарынды ұстаз – бәсекеге қабілетті маман

     Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Себебі, баланы кішкентай кезінен бастап, ер жеткенге дейін рухани жан дүниесін тәрбиелейтін де, білім беретін де – ұстаз. Ол жұмыс барысында барлық баланың мінезін, темпераментін психикалық және физиологиялық ерекшеліктерін біліп таниды.

В.А.Сухомлинский

Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды.

Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жү­йесін халықаралық биікке көтеру – кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында» — дегені бәрімізге белгілі.

Қарағанды қаласында талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және мадақтау мақсатында  Республикалық «Үздік жыл психологі — 2017» байқауының облыстық кезеңі өтті. Осы байқауға Әлихан Бөкейхан атындағы  №76  жалпы білім беретін орта мектебінің психологі Акедилова Куралай Куанышевна қатысып, жас та болса, өзінің шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Құралай Куанышовна І дәрежелі Дипломмен «Үздік жыл психологі-2017» кубогін жеңіп алып, Республикалық кезеңіне жолдама алды.

«Ұстаз – Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Менің мамандығым – әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтан тұтамын» — деп ағынан жарылады Құралай. Арманыңа қанат бітсін, Құралай!!!

Жас маманның жанына жігер, жүрегіне рух пен айбындылық, көңіліне сенім ұялатар ұлтжандылықтың ұраны болған Мағжан Жұмабаевтың мына бір шумағы бүгінде біздің қуанышымызға айналып отырған Құралайдың келесі алар биік шыңның белесі іпеттес.

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар.

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін!!

Ахмет Гүлбақша Төлегенқызы

Әлихан Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ

бастауыш сынып мұғалімі,

Қарағанды қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.