Home » Мақалалар » ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ ШЫҢДАУ – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІС НӘТИЖЕСІ  

ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ ШЫҢДАУ – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІС НӘТИЖЕСІ  

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған.  Сыни тұрғыдан ойлау  ол бақылаудың, тәжірибенің  ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашаққа әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, ойлау және іс-әрекетімізге  жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге  және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

XXІ ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді, өйткені келешекте мәліметтердің жинақталуы жүктеменің оқушылардың шамасынан тыс болуына әкеледі және оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей   құралмен қамтамасыз ету

Бүгінгі таңда оқушы қабілетін қанағаттандыра алатындай білім беру үшін оқыту үрдісінің сан алуан түрлерін пайдаланып отырғандығымыз белгілі. Осы жаңа әдістерді қолдану кезінде педагогикалық-психологиялық талаптарды біріктіре отырып, оқушының оқу материалын терең игеруіне жағдай жасау қажеттілігі көрініп отыр.[3]

Шығармашылық дегеніміз адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға, жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы. Біздің міндетіміз оқушыға оның бойында жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша  математика  пәні бойынша оқушылардың білім сапасы төмен. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту арқылы ғана біз нәтижеге қол жеткізе аламыз.Қазіргі заман талабына сай білім беру үшін оқушылардың жеке қасиеттерін, қаблеттерін, белсенділіктерін арттырудың жолдарын қарастырған жөн деп білемін. Сабақта жоғарғы сапаға жету үшін, алдымен пәнге деген қызығушылығын ояту керек. Осы орайда Қызылода қаласындағы №43 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ұлмекен Танбаева оқушылардың ойын дамыту, белсенділігі мен дербестігін қалыптастыру мақсатында  сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін  сабақтарында қолданып келе жатқан ізденімпаз мұғалім.

Қазіргі қоғам-жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені адамның қоғамда алатын орны, қазіргісі, болашағы үнемі толғандыратын мәселелер қатарына жатады. Бұл қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасында білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты: дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп көрсетеді. Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр.

Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Ал бүгінгідей күрделі әлеуметтік экономикалық дамытып, индустрияландыру бағдарламаларын жаңғырту тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, оқушыда шығармашылық қабілеттің болуы үлкен мәселе саналып оның ойландыруы тиіс деп білеміз.

Дарындылық «Табиғаттан берілетін ерекше қабілет» деп түсінік береді. Адамға ойлау, іздемпаздық – табиғаттың берген тамаша сыйы. Ал, қабілет барлық адамның бойынан табылары сөзсіз.Осының барлығы ұстаз Ұлмекен Танбаеваның бойынан табылатыны сөзсіз.

Ұстаз Танбаева Ұлмекен оқушының өзіне деген сенімін арттырып және іс әрекетін демеп, қабілетін дамытып шығармашылық жұмысының бастамасын дамытуға және тежеуге үйрететін мұғалім. Әрбір оқушының жеке қабілетін анықтап, сол бағытқа жетелеу, ашу мен жетістікке жеткізу – шығармашылықпен жұмыс істейтін білікті ұстаз еңбегі.

Оқушылардың шығармашылық  дербестігін қалыптастырудың оқу тәрбие үрдісінде Танбаева Ұлмекен оқушының өзара қарым-қатынасындағы ынтымақтастықтың болуына зор мән беретіндіг дәлелденген мұғалім.

Оқушылардың қазіргі өмірге бағдарланушылығын жүзеге асыру үшін сыныптан тыс жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастырудағы шығармашылық айлықтар, пәндік апталықтар мен ғылыми апталықтар, жобалар, пәндік апталықтар мен факультатив сабақтарының маңызына аса мән беріп келеді..

Қазақстан 2030 стратегиясы анықтап берген және республикалық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі – Қазақстанның гүлденуіне егеменді еліміздің өсіп өркендеуіне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті жастарды тәрбиелеу. Бұл мақстты орындау үшін республиканың ақыл-ойлы шығармашыл әулетін өсіру, дарынды балаларды анықтау мен дамытуда ұлесі зор деп білемін.

Дарындылықты анықтаудың бір жолы олимпиадалар, оқушылардың ғылыми-тәжірибелік сайыстары, конференциялар, байқаулар өткізу. Танбаева Ұлмекеннің дайындаған оқушылары халықаралық, республикалық және облыстық сайыстарда өз мүмкіндіктерін дәлелдеп келеді.

Әлемдік деңгейде ой түйе білетін ғалым да, ел экономикасын көтерер білгір, іскер маман да ел болашағы бүгінгі шәкіттер. Оған жету үшін ең керегі білім мен рухани байлық. Қазіргі таңда біздің еліміздің резерві болып саналатын дарынды балалар мәселесіне үлкен көңіл бөлу – Танбаева Ұлмекеннің басты мақсаты болып табылады.

Елімізде республикалық  тұрлі ғылыми-тәжірибелік орталықтарда дарынды балаларды анықтау, олардың ой-өрісі деңгейінің жоғары, дамыған тұлға болып қалыптасуына барлық жағдай, қамқорлық жасауда, Танбаева Ұлмекеннің дайындаған шәкірттері осы орталықтардың ізбасары ретінде жоғары нәтижелерге жетіп жүр.

Дарынды шәкірттер дайындауда ұстаз Ұ.Танбаеванынң алға қойған мақсаты:

  • Білім әлеміне өзіне лайық орын таба алатын зерделі шәкірт тәрбиелеу.
  • Оқушыларға қарапайым зерттеулер жүргізудің әдіс-тәсілдерін меңгерту.
  • Оқушыларды өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру.
  • Белгілі бір тақырыпта баяндама, реферат дайындап, оны қорғай білуге үйрету.
  • Оқушылардың ой өрісін дамыту болып табылады.

Қызылорда қаласындағы №43 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Танбаева Ұлмекеннің ұстаздық қызметіне шығармашылық табыс, қажымас қайрат, бала тәрбиесінде талмас қанат, ерік-жігер тілеймін.

 

Накыпбаева Жанар Болатбековна

 Қызылорда облысы,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық- психологиялық қамтамасыз ету» кафедрасының аға оқытушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.