Қазақ әдебиеті дегенде ең бірінші санама ұялайтын есім ол – Абай. Жүрегімде Ұлы тұлға болып жатталған бұл есімнің, мен үшін орны бөлек. Алғаш кітап бетін ашқаннан бері өлеңдері мен шығармалары ойымызға тұйықтық пен даналықты ұялатқан. Бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық болуды біздерге, яғни кейінгі ұрпаққа арнап жолдаған, қазақ халқының көркем әдебиетінде есімі тарихқа айналған Абай атама мың мәрте басымды иіп, шексіз алғысымды айтамын. Жас жүрегімді мекендеген қазақ ақынына деген ыстық ықыласым мен құрметімді қағаз бетіне түсіруді жөн санадым.
Абай дана — Абай дара қазақта!
1
Абай дана — Абай дара қазақта,
Ақын болып жатталған бар санатта
Құлақтан кіріп, бойды алатын әндері
Жүрекке еніп, кетті бойға тарап та.
2
Ахмет Риза медресесін оқыған,
Дін сабағын санасына тоқыған,
Араб, парсы, орыс тілін меңгеріп,
Сауат ашыш, жалықпаған оқудан.
3
Өлеңдері неткен сұлу, көрнекті
Жырларымен жүректерді тербетті,
Біздер үшін жағып кеткен шамдары,
Әлі күнге жарық екен, сөнбепті.
4
Қара сөзбен дүниені кең етті,
Адалдық пен әділетті тең етті.
Перзентіне сенім артып, Құнанбай
Елдің жайын, саясатын үйретті.
5
Ұлжан ана мейірімімен әлдилеп,
Ибраһимді еркелетті Абай деп.
Сол кішкентай бала Абай ер жетіп,
Ұлы тұлға атанады, ел билеп.
6
Табиғат пен туған жерін мадақтап,
Лирикалық өлеңдерін парақтап,
Ұққан адам, жалықпайды себебі,
Абай дана — Абай дара қазақта!
7
Адамшылық махаббат пен сезімге,
Еңбек пенен зор талапқа, төзімге
Ақыл беріп, ақ-қараны танытқан
Қара сөзден аларым бар менің де.
9
Қожа Хафиз, Жәми менен Физули
Науаи мен Сағди тағы Низами
Пушкин менен Салтыковтың, Крыловтың
Мұраларын оқып, терең таниды.
8
Мен сүйемін әрбір күнді таң атқан,
Қазынам бар Абай атам жаратқан.
Аты өлмейді ешқашан да себебі,
Абай дана — Абай дара қазақта!
Сирожидденова Маржан Қазықызы,
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
№ 27 ЖОББ КММ 11 «А» сынып оқушысы