Home » Ашық сабақтар » Гүлдер – біздің сәніміз. Кушербаева Малика Дауренбековна

Гүлдер – біздің сәніміз. Кушербаева Малика Дауренбековна

Мақсаты:

  • Гүлдердің түрлерімен таныстыру. Гүлдердің түр-түстерін ажырата білуге баулу. Өсімдіктерді күту  ережелерімен  таныстыру. Түстер  туралы  ұғымын  бекіту, түстердің  атын  білуге  машықтандыру.
  • Сөздік  қорын  толықтыру, тілдік  белсенділік  қызметін  арттыру. Гүлдердің түр-түстерін  есте сақтау, қабылдау, ойлау сезімдерін  дамыту.
  • Туған еліннің табиғатына, гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге, күтуге, сүйіспеншілікке жастайынан тәрбиелеу.

Жаңа  сөздер: қызғалдақ, күнбағыс, раушангүл, түймедақ, лалагүл, бәйшешек, бақытгүл, «жеті қазына».

Балалар жарты  шеңбер болып тұрып, бір-біріне күлімдеп, келген қонақтармен амандасады.

Білер қазақ баласы,  

«Сәлем» — сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

Тәрбиеші: Балалар,  келіңдер  жарты шеңбер  болып  тұрып әуенді тыңдайық. Осы  кезде  гүлдердің киімдерін киген гүл ханшайымы келеді.

Балалар орындарынан тұрып,  орындыққа  отырады.

Олай болса мен сендерді  гүлдермен  таныстырайын.

Бәйшешек:  Бес дегенім бәйшешек,

Бірінші гүлі көктемнің.

Бәйшешекті оятар

Баяулап түртіп, көктен нұр. ( Меруерт)

Түймедақ:  Түймедейін сары дақ ортасында,

Тарала өскен ақ гүлі бар қасында.

«Түймедақ» деп аталып кеткен екен,

Түймеге ұқсас сол дақтың арқасында. ( Анеля)

Қызғалдақ: Қырқалардың төрінен,

Лаулап көзге ұрады.

Қызғалдақтар өңірді,

Қып-қызыл ғып тұрады.    ( Айнамкөз)

Лалагүл:   Лаулап оттай шілде айында лалагүл,                                             

( Айғаным)  Лала гүлмен құлпырады дала бір.

Ләззат алмау мүмкін болмас көркінен

Лалагүл де өзгеше әсем, дара гүл.   К

үнбағыс: Көк төсінде алтын күн

( Нұрай)    Көрінгенмен мұнша алыс

Келеді одан көз алмай,

Кербез сұлу күнбағыс.

Раушангүл: Әдемімін, менен қай гүл аса алған, ( Жансая)

Әуелден-ақ  «Гүл патшасы» атанғам.

Әсемдік пен хош  иістен нәр алдым

Әлемнің көп жерлеріне таралғам.

Бақытгүл:  Бұл әсем гүл күзде ұзақ гүлдейді,

Басқа гүлдей шілдеде өмір сүрмейді.

Бір мереке бар жапондар елінде,

Бақытгүлі тұрады оның төрінде.   ( Ақниет)

Кушербаева Малика Дауренбековна

«Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасы,

тәрбиеші

Степногорск қаласы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.