«Атымды адам қойған соң, қайдан надан болайын»,- дейді бір сөзде Абай атамыз. Иә, расында да біз ата-ананың бауырынан жарып шыққан гүлдей боп жетіліп,өсіп өркендеп,қанат жаямыз.Ата-анамыз бізді мәпелеп,бағып қағып өсірді. Гүл еккен соң ол жайқала шығуы үшін де біраз бапталуы қажет екені тәрізді, бала туылған соң да білім нәрімен сусындатып, бойына нұр құя білетін де ата-ана.Ұлы ойшыл Әл-Фараби атамыз: «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі тиіс, тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы»,- деген. Сондықтан жастайымыздан жүйелі тәрбие берген ата-анамызға мәңгілік қарыздармыз,және сол тәлім-тәрбиені өз қажетіліктерімізбен қатар ел мүдесіне жұмсасақ сол да бір қоғамға қосқан үлесіміздің болары сөзсіз. Баяғыдан бойымызға үлкендер сіңіріп кеткен тәрбие мен ақылымыз, болашаққа деген жарқын көзқарасымыз, қабілетімізбен істі жүзеге асырушылығымыз келешектің нұрлануының айқын кепілі. Алдымызда салған сара жолда,іле-шала жалғап кету барша жас ұрпақтың міндеті.
Қазақта: «Атаның баласы болма, адамның баласы бол»,- деген қанатты сөзі бар. Яғни әр бір жеткіншек өзі үшін, өзінің отбасы үшін ғана емес, еліне , отанына да қызмет етуі қажет.Қазіргі күні біздің көптеген жастарымыз шетелде оқып, жан жақты білім алуда. Өз білімдерін өзге елде жүріп дамытып, ал оның жемісін өз Отанына келіп пайдаланса құба-құп емес пе?! Өзге елде ұлтан болғанша, өз еліңде сұлтан бол деген қазақ .Кейбір жастар сол өздері оқыған жерлеріне қалдырып кетіп жатыр. Әрине, біз ешкімнің өміріне араласа алмаймыз,дегенмен сол өзі алған білімді өз жұртының өскелең ұрпағына үйрете білсе міне сол отансүйгіштің емес пе?!Арқа жылы болса,арқар азып несі бар?,-демекші біздің оқу жүйесіне көңілдері толмауы мүмкін,бірақ қай жерде болмасын берілетін дүние ол білім! Сондықтан өз өмірімізге өзіміз жоспарлы жүйе құра білейік.Абай атамыз айтпақшы: жасымда ғылым бар деп ескермедім,пайдасын көре тұра тексермедім ,-дегендей ешбіріңіз бұл өмірдің сәл де болса сәтті тұсынан құр қалмаңыздар! «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы»,-дегендей шыншыл, адал, әділетті иманды болу сонау ата-бабамыздан сүйекке сіңген дәстүріміз. Біз жас ұрпақ келешектің айнасымыз. Жастар — қоғам жаңартпақ.Ендеше гүлденген өмірді түрлендіре білейік!
Асанжанова Гүлдана ,
№21 орта мектебінің
11 сынып оқушысы