Home » Ашық сабақтар » Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері, су айналымы

Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері, су айналымы

Р.Е. Акатай

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі

Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі» ММ

Сынып: 10

Білімділік: гидросфера оның құрамдас бөліктерімен оның құрамы және су айналымы туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: гидросфера туралы білімдерін одан әрі дамыту. Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік: оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: дүниежүзінің саяси картасы, атлас, кескін карта, кесте.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: іздену.

Сабақтың тәсілі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:  I. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақ

Үй тапсырмасын тексеру: тест “Ауа райы, климат және олардың жіктелуі”.

Қорытынды сұрақтар:

1) Ауа райының ең басты элементтеріне не жатады?

2) Климаттың өзгеруіне әсер ететін қандай факторларды білесіндер?

«Қызығушылығын арттыру» “Гидросфера” туралы не білесің?

  • Су – тек мұз түрінде кездесетін ғаламшарды ата?
  • Судың көп бөлігін алып жатқан гидросфераның бөлігі / яғни 97 %-ын не құрайды?
  • Су қабығы дегеніміз не?
  • Мантиядағы су мөлшері қанша км.?
  • Гидросфераның тығыз байланыстағы қабығының бірі ол не?
  • Мұхиттардағы, атмосферадағы, өзендердегі, көлдердегі, мұздықтардағы, жер астындағы сулар үнемі неде болады?

Жаңа сабақ

Тақырыбы: “ Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері, су айналымы”.

«Гидросфера» туралы видео.

«Мағынаны тану» (оқушылар мәтінді оқып, танысады).

Топтық жұмыс:

1 топ. Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері

2 топ. Табиғаттағы су айналымы, оның маңызы.

Сабақты бекіту: Сәйкестендіру тесті.

Рефлексия: (ой пікірлерін жазу).

  1. “Гидросфера” туралы мәліметтер ұнады ма?
  2. Қиын ақпараттар болды ма?

Бағалау: Бағалау парағы бойынша оқушылардың бағасын қою.

Үйге тапсырма:

  1. §11. Оқу және сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру (56 бет.)

2.«Су – тіршілік көзі» тақырыбына реферат жазып келу.

Қорытынды: Гидросфера туралы біз су көзі екенін білдік. Жер шарында су 79 %, ал 21%-ын құрлық алып жатыр.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.