Home » Мақалалар » В.Воскобовичтың дамыту ойындары

В.Воскобовичтың дамыту ойындары

В. Давыдовтың еңбегінде: «Оқыту үрдісіндегі балалардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол – белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі» делінген.

Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген:«Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау – жанның өте бір қиын,терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр.Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде,

сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, баланаң оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».

Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау»  дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып

ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

Балалардың  логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектері жарық көрді.

Жоғарыдағы авторлардың  пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз:барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту.

«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны –  логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский.

Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ балаларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады.Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады.Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді.Әрбір сабақ қызықты есептер мен аяқталып, логикалық есептер оқушылардыңжас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.

 

 

Дисуханова Гульмира Михайловна,
Павлодар облысы Аққулы ауданы
Шарбақты ауылы
«Қызғалдақ»  сәбилер балалар бақшасының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.