Жуырда Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында экологиялық велотуризмнің жаздық маусымы қорытындыланды. Бұл сауықтыру сауықтыру марафонына «Самрұқ-Қазына» АҚ-ның әлеуметтік инвестициялар тобының «Менің Елім» бағдарламасының жобалық менеджер-сарапшылары Әнел Қоспанова мен Әлия Қасенова арнайы өкілдер келіп қатысқан еді.
Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын қолдауды және экологиялық велотуризмді дамытуды мақсат тұтқан жоба өз жұмысын ойдағыдай атқарды. Бұл пайдалы жоба баянауылдықтардың бастамасымен жүзеге асып отырғанын айта кеткеніміз жөн болар. Өйткені, бұл жоба басқа өңірлерде әлі қарқын ала қойған жоқ. Сондықтан да, «Самұрұқ-Қазына» АҚ-ның өкілдерінің айтуынша, бұл басқа өңірлерде де болашақта дамитын болады дейді өкілдер.
Марафонның ашылу салтанаты велошабандоздарды қошеметпен қарсы алудан басталды. Аудандық Жастар орталығының директоры Ренат Ильдин біздің мектебіміздің директоры Салтанат Досмағамбетваны жастардың келешегі мен салауаттылығы үшін жасап жатқан еңбегіне байланысты «Алғыс хатпен» марапаттады. Аудандық туризм және спорт бөлімінің басшысы Зейнолла Талипов та жастарды қашанда қолдауға әзірлігін білдіріді.
Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының директоры Салтанат Досмағамбетова:
– Бірінші жыл өте сәтті өтті. Велотуризм 18-ші шілде мен 25-ші тамыз аралығында Жасыбай демалыс орталығында жұмыс жасады. Мектебіміздің 8 оқушысы жоба бойынша еңбек етті. Түскен қаржының жартысы балалардың еңбекақысына жұмсалды. Қалған қаражатқа мектептің жаттығу залына қажетті құрал-жабдықтар мен жақында ғана ашылған шахмат кабинетіне керекті бұйымдар алдық, — деді Салтанат Сейітжанқызы.
Велотуризмнің жетекшісі Ержан Рахимтаев болса, жобаның маңыздылығын айтып өтті.
Салтанатты шарадан кейін мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің музыкалық шашуларымен оқушылар веломарафонға аттанды. Мектеп ауласынан Жасыбай батыр бейітіне дейін жүріп өткен оқушылармен «Самрұқ-Қазына» АҚ-ның өкілдері де қолдарына қапшық алып, бейіт аумағын қоқыстан тазалады. Ең көп қоқыс жинаған Шыңғыс Амангелді мектеп әкімшілігі атынан сыйлыққа ие болды.
Елмира Мергенбайқызы Саликова
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты,
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы