Home » Жаңалықтар »  БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІСІЗ БЕ?  

 БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІСІЗ БЕ?  

«Білектің дәуірі өтіп, білімнің заманы жетті. Дайынбысың, әлеумет?». XVIII ғасырда әз-Абылай бірді жығар қара күштен қауқары кетіп, мыңды жығып, миллиондарды бас идірер құдіреттің білім екендігін болжап кетті. Көсемді көреген демеске шара жоқ. Үш ғасыр өтсе де әлем әлі күнге дейін білімдіге бас иіп отыр. Білімділігін мойындатқан, ғылымды кәдеге асырған мемлекет қана көш басынан көрінеді. Білім айнасының ұжымы жер жердегі оқу ордаларын аралап, жұмыстарымен танысып, атқарып жатқан ұшан теңіз еңбектерін байқады. Сондықтан «Жаңартылған білім мазмұны және білім берудегі инновациялар: ізденістер мен шешімдер» іс — шарасын ұйымдастыруға бел байлап, «Білім ордам – 2018» тақырыбында сіздерге ұсынып отырмыз.

  1. «Білім ордам – 2018» тележурнал байқауының тақырыбы – «Жаңартылған білім мазмұны және білім берудегі инновациялар: ізденістер мен шешімдер»:
  2. «Білім ордам – 2018» тележурнал байқауының жеңімпаздары;

Бас жүлде – 1 000 000 теңге;

І ОРЫН – 700 000 теңге

ІІ ОРЫН – 500 000 теңге

ІІІ ОРЫН – 250 000 теңгe

Сонымен қатар 6 білім беру ұйымына 50 000 теңге көлемінде аталым сыйлықтары табысталады. Сондай-ақ іс-шараға қатысушылардың барлығы «Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық газетінің және әділ-қазылар ұсынылған мекемелерден диплом, Алғыс хат, мадақтамаларымен марапатталады.

  1. Сарапшылар құрамына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ филиалдарының өкілдері, «Дарын» Республикалық Ғылыми-Практикалық Орталығы, «Ы.Алтынсарин» атындағы Ұлттық білім академиясы енеді.
  2. Аталған байқау қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, ведомствалық және меншік нысанына қарамастан кез-келген білім беру ұйымы қатыса алады.
  3. «Білім ордам – 2018» тележурнал байқауының негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарында шығармашылықпен, кәсіби шеберлікпен жұмыс жасайтын педагогтердің тынымсыз еңбегі мен сол ұжымның жұмыстарын көрсете отырып, үздіктерді бір-біріне үлгі ету, тәжірибе алмасу алаңын жасақтау.
  4. Бағалау критерийлері — ұжымның білім берудегі озық инновацияларды оқу-тәрбие процесіне енгізудегі жұмысы, жаңашылдығы мен идеясы, бастамашылдығы, креативтілік, жеткен жетістіктері, болашаққа жоспары, оқушыларды тәрбиелеудегі үрдісі, ұстаздар мен ата-ананың үлесі назарға алынады;
  5. Байқауға келіп түскен жұмыстарды бағалау 2 кезеңнен тұрады:

— Интернет желісі арқылы дауыс беру;

— Сарапшылар құрамының бағалауы.

ЕРЕЖЕСІ!

— әрбір білім беру ұйымы өздерінің жұмысы қамтылған тележурнал (видеофильм түрінде) әзірлейді. Тележурналда ұйымның кешегі мен бүгінді қамти отырып, өздерінің жаңартылған білім беру мазмұнын және заманауи инновацияларды енгізу жолында бірлесе атқарып  жатқан еңбектері мен жеткен жетістіктері қамытылуы тиіс;

— видеофильм ретіндегі тележурнал 7 минуттан аспауы тиіс (ақпараттар көбірек қамтылса, соғұрлым құнды болады);

— ұсынылатын жұмыс дыбыспен сүйемелденуі қажет (қай тілде болатынын білім беру ұйымы өздері таңдайды);

— видео жұмысты міндетті түрде  flv,  flv4  не  mp4 форматына сақтау керек, себебі сол форматпен жіберіледі;

— сайысқа қатысу үшін белгіленген жарнаны қосымшада қоса беріліп отырған реквизитке төлеулеріңіз (17 648 теңге) керек;

— әзірленген жұмыстарды балабақша меңгерушісі, мектеп немесе колледж басшысы кол қойған ілеспе (еркін түрдегі) хатпен және жарнасы төленген түбіртекпен бірге ai2050kz@gmail.com эл. почтасына жіберулеріңіз немесе «Білім айнасының» редакциясына әкеліп тапсыруларыңыз қажет.

Жұмыстарды қабылдау және жариялау уақыттары

— жұмыстарды 2018 жылғы 26 желтоқсанда сағат 18:00 ге дейінгі мерзімде жіберу немесе редакцияға  табыстау міндетті (бұл уақыттан кешіксе қабылданбайды);

— байқауға келіп түскен құжаттар 2019 жылғы 7 қаңтарда сағат 18:00  «Білім айнасының» сайтына жарияланады, 2019 жылғы 30 қаңтарда  сағат 18:00 сайт қаралымы мен сарапшылар пікірін ескере отырып сайыс қорытындысы шығарылады (жеңімпаздар анықталады);

«Білім айнасы» газеті мен bilimainasy.kz  сайтының негізін қалаушы әрі бас редакторы Қуантай Амантайұлы

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.