Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе
қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидалар . Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 15-4/513 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдеде № 11753 болып тіркелді Жалпы ережелер :
1. Осы Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидалар «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі — Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы аумағына карантинді объектілердің әкелінуі мен таралуын болдырмау мақсатында карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою тәртібін айқындайды…
Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық бақылау бекеттерінде алып қою және жою тәртібіне сәйкес Астана қаласының Аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторларының ішкі сауда нысандарын кезекті тексеру барысында 2018 жылы 30 шілдеде Жамбыл облысы,Шу ауданынан автокөлікпен әкелінген карантинге жатқызылған 10 тонна қарбыз өнімін тексеру кезінде карантиндік нысан-қауын шыбынына морфологиялық ұқсастығы бар үлгілер алынды. Осы үлгілердегі карантинді нысанды растау үшін өсімдіктер карантинінің Республикалық орталығына жіберілді.Өсімдіктер карантинінің Республикалық орталығының сараптамасы нәтижесінде карбыз өнімінен карантинді нысан-қауын шыбыны расталды.Осы әкелінген 10 тонна қарбызды іріктеу барысында карантинді нысан қауын шыбынымен залалданған 150 келіге жуық өнім анықталды.Бұл залалданған өнім заң бойынша арнайы әдіспен көміп тасталды.Аталған жағдай бойынша әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 400 бабы 2 тармағы 3 тармақшасына сүйене отырып,қарбыздың иесіне 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Зиянкес туралы мәлімет: Қауын шыбыны — Дынная муха — Myiopardalis pardalina-карантин объектісі.Дене ұзындығы 5,5-6,5мм.Түсі сары.Өсімдіктер гүлдеген кезде ұшады.Тек қауынды емес,сонымен қатар қарбыз,қияр,асқабақ тектес өсімдіктерге зиян тигізеді.Ол өнімнің сыртындағы кішкентай тесіктерден кіріп,сонда жұмыртқалайды,жаңа жәндік өсімдіктің жұмсағымен қоректеніп,тесік арқылы сыртқа шығады.Сауда орындарында жеміс-жидектер,көкөністер таңдаған кезде мұқият болып,өнімнің сапасын қарап,зиянкестермен залалданбағанына көз жеткізгенде ғана, оны алып,пайдалануға болатынын естен шығармаңыздар.Сапалы өнім тұтыну-денсаулық кепілі!
Өсімдіктер карантині және қорғау фитосанитарлық бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция
бөлімінің бас маманы Балтусупов О.П.