Home » Білім және өнер » Бұлақ көрсең көзін аш

Бұлақ көрсең көзін аш

Екібастұз қаласындағы С. Торайғыров атындағы №22 гимназия мектебінде Сейтова Гүлбаршын Арқалыққызының жетекшілігімен дарын үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме ақындық өнерге бейімі бар балалардың өнерін шыңдап, білімдерін жетілдіреді. Қалалық, облыстық түрлі сайыстарға дайындайды.

Өткен оқу жылында «Наурыз» мерекесіне арналған айтыста мектебіміздің 7 «А» сынып оқушысы Қайдаров Бексұлтан бірінші орын алып, облыстық сайыста 3-орын иеленді. Бексұлтанның жетістікке жетуіне үйірме жетекшісі Сейітова Гүлбаршын Арқалыққызының еңбегі зор. Оқушыларды тек ақындық өнерге ғана баулып қоймайды, сонымен бірге актерлік шеберлікке де үйретеді.

                                                                         УРУМБАЕВА Қазкен Тауекеловна,
С. Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебі,
тарих пәнінің мұғалімі,
Екібастұз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.