Home » Балабақша » Бүлдіршендер табиғатты аялауға шақырады

Бүлдіршендер табиғатты аялауға шақырады

Экологиялық тәрбие беру, бұл баланың өмірге деген құрметін арттыру, қоршаған ортаға деген түсініктерін қалыптастыру. Бізді қоршаған орта, дәлірек айтқанда, адамның қолынан жаратылмаған бөлігі-табиғат. Ол күн, су, ауа, аспан, жануарлар, өсімдіктер және адамдар. Табиғат жайындағы қарапайым білім түрлерін меңгертіп, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстарымен жалпылама ұғымдарды нақты түсініктермен ұғындыру.

Бүгінде әлем жұртшылығын алаңдатып отырған өзекті мәселе ол -экология саласы. Экологиялық тәрбие ол баланың қоршаған ортасы, айналасы, болашағы деген ұғыммен тығыз байланысты. Сол себепті мен өзім қызмет ететін «Ақбота» балабақшасында қала мектептерінің «ЭКОШ» «ЛУЧИК» экоклубтарымен тығыз байланыс орната отыра «Алтын күн» үйірмесін жүргіземін. Үйірме жүргізуімнің мақсаты балаларды табиғатты аялауға, құрметтеуге, өз Отанын сүюге, оның көркеюіне үлестерін қосуға тәрбиелеу. Қашанда жеріміздің экологиялық жағдайына бей-жай қарай алмайтын ел азаматтары біздің қаламызда да жетерлік. Қаламызда әртүрлі « Ядролық қаруға жол жоқ», «Біз бейбіт елдің ұланымыз», «Күн мерекесі», «Ғаламшар балаларына — әлем мәдениеті» атты іс-шаралар өткізілді. «Ақбота» балабақшасының кішкентай тәрбиеленушілерімен, қызметкерлері де қатысты. Кішкентай бүлдіршіндер әртүрлі тақпақтар айтып, қойылымдар қойды. «Біз –бейбіт ұлдың ұлдың ұланымыз» деп ұрандаған балалардың бойынан өз жеріне, еліне деген махаббаттары айқын сезіледі. Жылда 29 тамыз Ядролық қаруға қарсы күрес күні балабақшамызда мәдени іс-шаралар өтеді. Шарада әлемдік бейбітшілік болуын тілеген жас балалардың қолөнер бұйымдары қойылған «Ядролық сынақ қасіреті –әдебиет пен өнерде.

 

«Күн мерекесі»

Невада-Семей антиядролық қозғалыс төрағасы және «Невада — Семей» қозғалысына арналған «Болашақ энергиясы» тақырыбында көрмелер қойылды Олжас Сүлейменовтың үлкен рөлін, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабуы туралы деректер айтылды. Тақпақтар оқылып, соңы жарылыстың құрбандарын еске алумен аяқталды. Осы шараға атсалысқаным үшін өзім мадақтама қағазын алып, тәрбиеленушілерім: Ілияс Молдажан, Нұрсұлу Анықбаева, Айым Шакирова, Дарина Нышан, Айда Корнишина дипломдармен марапатталды. Балабақша директоры Айгүл Балташқызы Кишкиндаева Олжас Сүлейменовтың қолы қойылған алғыс хатпен марапатталды.

Міне осындай шараларды жүргізу арқылы кішкентай бүлдіршендердің бойынан жерге, елге, Отанға деген құрметтерін арттырсам өзімді бақытты сезінер едім.

 

Досамгулова Гульнара Сембековна
Балқаш қаласы
«Ақбота» МЖДМ КМҚК

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.