Home » Мақалалар » Бүгінгі семинарда

Бүгінгі семинарда

Жамбыл облыстық әкімдігінің білім басқармасының «Саңырау және нашар еститін балаларға арналған облыстық «Мейірім» арнайы түзету мектеп – интернаты коммуналдық мекемесінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру:» мақаласы аясында  мамыр айының 5-ші жұлдызында  республикалық ғылыми-танымдық  «Білім айнасы» газетінінің Жамбыл облыстық тілшісі Жансая Құрманғалиқызының ұйымдастыруымен «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» немесе «БАҚ және әлеуметтік желімен жұмыс» атты тақырыпта семинар-тренинг болып өтті. Семинарда публицистиканың жанры мақалаға кеңейтілген түсінік берілді. Мекеме тарапынан барлық тәрбиешілер мен мұғалімдер жан-жақты атсалысты. Тілші мақаланың түрлері, оның құрылымы, тақырыбы, плагиат жайында сөз қозғап, қыр-сырлы түсінік берді. Тренинг соңында Елбасы мақаласына орай түгел ұстаздар қауымы қызықты мақала жазып, өз ойларын білдірді.

К.А.Диханбаева,
 тәрбиеші
Жамбыл облыстық әкімдігінің білім басқармасының
«Саңырау және нашар еститін балаларға арналған
облыстық «Мейірім» арнайы түзету мектеп – интернаты
коммуналдық мекемесі»,

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.