Home » Мақалалар » Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі

Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі

ҰБТ қарсаңында оқушылардың өз көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, өз сезімін қадағалауға, дұрыс бағалай білуге, өзіне-өзі сенімді болуға, өзара  қарым-қатынасындағы жарасымды мінез ерекшеліктері  мен сенімді  мінез-құлықтарын қалыптастыру, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру мақсатында 2018 жылдың 10 сәуір күні  Мақтарал ауданының  білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Қ.Ибадуллаеваның  ұйымдастыруымен  «Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі»  тақырыбында  «І.Жансүгіров атындағы №28 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аудандық семинар өтті. Семинарға  Мақтарал аудандық білім бөлімінің  әдіскері Қ.Ибадуллаева, мектеп директоры С.Шаулиева, директор орынбасарлары, 115 жалпы орта мектебінің  директоры Пірімбекова Ұлжалғас, «Sanur»  аудандық телевидениясы  қатысты.
Семинарды мектеп директоры С.Шаулиева  ашып қатысушыларды құттықтап  сәттілік тіледі. Семинар жоспарына сай ашылу салтанатында әдіскер Қ.Ибадуллаева  тренинг өтетін  педагог-психологтарды таныстырып өтті, сондай-ақ  бітіруші түлектердің  ҰБТ қарсаңында  болатын күйзеліс жағдайларының алдын алу бойынша ең тиімді жаттығуларды  пайдалана отырып психолог мамандарға  әдістемелік көмек көрсетуде бір-бірімен тәжірибе алмасуға шақырды.
Семинар барысында  «І.Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы Р.Нуржауова «Бүгінгі мектеп түлегі –ертеңгі елдің тірегі»  тақырыбында, 115 жалпы орта мектебінің педагог-психологы А.Мырзамуратова «Қызым-қызғалдағым, ұлым ізгі арманым» тақырыбында, М.Әуезов атындағы ЖОМ  педагог-психологы Д.Ахбаева  «ҰБТ-ға баратын  бітірушілерге  психологиялық  көмек» тақырыбында, М.Шоқай атындағы ЖОМ педагог-психологы М.Искендирова «Отбасы алтын бесігім» тақырыптарында психологиялық тренинг, ойын-жаттығуларын өткізді. Психологиялық тренингтерді талапқа сай өткізіп, әдістемелік көмек  көрсете  алды.
Семинарды  қорытындылай  отырып өтілген тренингтер бойынша  кәсіби сұхбат, кері байланыс орнатылды. Семинар өте қызықты және тартымды өтті.
Алдағы уақытта да оқыту үйрену әдіс алмасу семинарлары жоспарланғандығын  білім саласындағы жаңа өзгерістерге  аудан педагог-психологтарының дайын екендігін айта келе семинарды жоғары деңгейде өткізілуіне  белсенді атсалысқан І.Жансүгіров атындағы №28  жалпы орта мектебінің  ұжымына рахмет айта отырып, олардың тек қана биік белестерден көріне беруіне тілектестігімді білдіремін.

Айнабаева Тазагул Нышанбаевна,
ОҚО, Мақтарал ауданы,Жылы су ауыл әкімшілігі,
Мырзашоқы елді мекені,
І.Жансүгіров атындағы № 28 жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ағылшын  тілі пән бірлестігінің жетекшісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.