Home » Проза » Бір үзік сыр

Бір үзік сыр

Менің өлеңге деген талпынысым кішкентай кезімнен басталса керек. Бала кезімнен әжемнің ертегісін көп тыңдағандықтан болар деймін әрі атам сөзден құралақан адам емес еді. Ата мен әже бауырында өскен баланың сөз дәмін татып өсетіні бар ғой. Атам өз өлкемізге жалпы журналистикаға майданын барынша кешіп өткен қаламгер. Содан болар жақсы сөздерге әуес болдым. Ойымнан шыққан сөзге әдемі өрнек беруге, оны өлең қып жеткізуге тырыстым. Міне, содан бері өлеңге деген  ұзақ та, қиын жолдың  алғашқы шақырымына қадам жасағандаймын. Табиғаттағы  құбылыстар мен қасымдағы жанды тірлікті көзіме іліп, оған деген сезімімді сөз өрнегімен беруге тырысамын. Кейде өзімді ақындарша сезініп, көкірегімді тулатқан әсерлерді ақ қағазға түсіруге  асығатыным бар. Бұл өлең бе, әлде… Мұны мен біліп алар емеспін. Өйткені, мен үшін  өлең жазатын адам алып әрі аяулы, қуатты әрі нәзік, ардақты әрі қарапайым секілді  сезінемін. Қызығы сол мендегі сезімнің көбі қарама-қайшы болып келеді.

Әлі есімде, ол ұмытылмайтын шақтар ғой. Ең алғаш рет өлеңді оқығаным да әрі жаттап сахнада айтқаным да ол Ұлы  ақын Абайдың  жырлары болатын. Сол  сәттен бастап жыр оқу, өлеңді сөз ету машығым болып кетті. Дәріс берген апайымның жөн сілтеуімен Мағжан мен Мұқағали, қыз баланың сырын сезген, сырласы болатын Фариза апамның өлеңдері менің қуатты күшім. Олардың өлеңдерін оқи отырып сырласып, табиғатты сүюді,  қоршаған дүниенің сырларын ұғуды түсіндім. Бір  сәт үнсіз отырып, қоршаған мынау дүниеден үн  ұққандай боламын. Соның  бәрі өлең болса ше, әй, қайдам? Кейде соған  ұйқасты таба алмай қалатын кезде болады-ау. Әдемінің бәрі сұлу емес секілді, сондықтан  ұйқастың бәрі бірдей өлеңге  бармасын тағы түсінемін. Бірақ  жаныма жақын  қаламым мен ақ қағазымды шимайлап келемін.

Ақайша Рахметова

                                                                                Атырау қаласы,

 Химия-биология  бағытындағы

                                                                              Назарбаев Зияткерлік мектебінің

11 «А» сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.