Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалім педагогикалық өзгерістерге тез төселетін; жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; оқушылар мен ортақ тіл табыса алатын; білімді, іскер, шебер болу керек. «Елу жылда ел жаңа» дейді дана халқымыз. Бұл жаңарудың уақыт талабы екенін түсіндіреді. Біз заман ағымына ілесуіміз үшін жаңалықты қабылдап, қарабайырлықтан арылып отырғанымыз жөн. Ал ол үшін, үнді ойшылы Махатма Гандише айтсақ, «болашақтағы өзгерістерді байқағымыз келсе, оны уақытында жасауымыз керек». Болашақ көріністерін білім-ғылым саласындағы оң бағыттардан бастағанымыз абзал. Оқушылардың сапалы білім алуға деген қызығушылығын арттыру, сауаттылығын дамыту үшін мұғалім жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, бір сөзбен айтқанда өз біліктілігімен шеберлігін жетілдіруге атсалысуы керек. Білім берудің мазмұнын жаңарту бағытына келсек, соңғы жылдары әлемдік білім беру жүйесінде көш бастап келе жатқан «Кембридждік оқыту» жүйесіне қазақстандық мектептерде де жаппай көшу басталды. Соның легінде мектебіміздің мұғалімдерінің түгелге жуығы Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы білім жетілдіру курстарынан өтті. Бастапқы тәжірибе кезеңіне орай, қоғамдастық құрып, тізбектелген сабақтар, «LS зерттеу сабақтары», коучингтер, тәлімгерлік жұмыстар жүргізе отырып, жаңа өзгеріс сипатын қалыптастырудың алғашқы басқыштарынан өтті. Еліміздің келешегінің кемел болуы, гүлденіп, өркендеуі қазіргі ұстаздарға, олардың білім деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты. Міне, сондықтан да Елбасымыз Қазақстандық білім беру ұйымдарына білім берудің жаңа сапасына көшуді тапсырған болатын. Елбасы атап көрсеткендей, жас мемлекетіміздің болашағы бүгінгі мектептегі жас буын өкілдерінен басталады. Осыған сәйкес бастауыш сынып мұғалімдері бірлестігі арасында тәлімгерлер мен тәлім алушы мамандар тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Мұғалімге жаңашыл талап қою арқылы дамыған алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарына мықтап кіруіміз абзал.
Габдоллина Гулмира Бакытбековна,
№110 мектеп-гимназиясының
директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары