Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту жолдары

Білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту жолдары

Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын бағдарлама. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың педагогикалық әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп табалдырығын алғаш аттаған бастауыш сынып оқушыларына білім беріп, тәрбиелеумен қатар, олардың қабілеттерін дамыту қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы: оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қурс барысында қарастырылады. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі – спиральді қағидатпен берілуі және табиғи тәсіл «өмірмен байланыс» ұғымына негізделуі.

Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу – уақыт талабы. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға, еркін ойлаушы азамат екендігіне мән беруіміз керек. Қазіргі оқушы:

  • дүниетанымы, қабілеті жоғары;
  • дарынды, өнерпаз;
  • ізденімпаз, талапты, ойы ұшқыр;
  • еркін ойлай отырып, ойын еркін жеткізе алатын;
  • өз алдына мақсат қоя білетін оқушы болып қалыптасуы қажет. Шығармашылық қабілет, өзіндік жұмыс істеу іскерлігі мен дағдылары өздігінен пайда болмайды, ол мақсатты түрде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен шығармашылық, тәжірибелік сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау процесінде қалыптастырылады. Тұлға шығармашылығының маңыздылығы көрнекті қазақ ойшылдары мен ағатушылары Әл-Фараби, Ж. Баласағұни, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, М. Көпейұлы, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов және т.б. еңбектерінде ашып көрсетілген.             Кез-келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс-әрекеті ақыл-ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс-әрекетте тасымалдай алуға негіздейді. Отандық педагогика мен психологияда ерекше жаңа шешімдерге әкелетін «шығармашылық» термині кең қолданылған. «Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығу», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Көрнекті психолог Л. Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал Я. Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды. Соңғы жылдары шығармашылық сөзімен жаңалық, бастамашылық, белсенділік ұғымдары астарлас қолданылып жүр.          Сонымен, осылайша ғалымдардың берген түсініктерін талдап негіздей отырып, біз шығармашылықтың мәніне мынадай анықтама береміз: шығармашылық – бұл жеке тұлғаның қойылған міндеттерді шешуде немесе бір нәрсені жетілдіруде белсенділік пен дербестік таныта отырып, өмірде болмаған тың жаңалықтарды туындататын мақсатты іс-әрекеті.         Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалардың да маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеуге, өз бетінше іздене білуге дағдыландыру, икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.Логикалық тест тапсырмалары
  •  
  •             Оқушылардың шығармашылығын дамытуда тиімді әдістер деп өз республикамызда ғалымдар Ә. Қоңыратбаев, С. Тілешова шығарма жаздыру, В.Д. Чернов факультативтер мен үйірмелер арқылы қабілетті шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын қарастырса, К.Ә. Жамалбаева көркем шығармалар арқылы, М. Мұхамедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындайды. Ал Б. Тұрғынбаева шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын ұсынады, ол шығармашылық тапсырмалар мыналар: жұмбақ құрастыру, өлең құрастыру, мақал-мәтел құрастыру, әңгіме жаздыру, ертегі жаздыру, сөзжұмбақ құрастыру, шығарма жаздыру, мінездеме жаздыру.
  •             Арнайы әдебиеттерде «шығармашылық» ұғымына әртүрлі анықтамалар берілген. Мысалы, С.И. Ожеговтың сөздігінде «Шығармашылық – жаңа материалдық және мәдени құндылықтардың өмірге келуі» деген анықтама беріледі. Ал, энциклопедиялық сөздікте «Шығармашылық – адамның іс-әрекетіндегі өз бетінше жұмыс жасау мен белсенділіктің ең жоғары формасы. Бұл қандай да бір нәрсені өзгерту, жетілдіру, жаңасын ойлап табу, түпнұсқасын шығаруға деген қажеттілік» делінген. С.Л. Рубинштейн «…Шығармашылық деп нәтижесінде жаңа түпнұсқалық және әлеуметтік құнды өнім дайындалатын іс-әрекет аталады», — дейді. Б.Д. Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді: «Шығармашылық – бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, ол өзінің біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәлендіретін, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады».
  •             Оқыту процесінде баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін шетел педагог-ғалымдары Ю.К. Бабанский, В.С. Ильин, В.В. Давыдов, Л.В. Занков, Б.М. Теплов, Н.С. Лейтес, Л.С. Выготский, Л.Н. Леонтьев, Г.С. Альтшуллер, А.Г. Ананьев, сонымен қатар, қазақстандық көрнекті ғалымдар Т.Т. Тәжібаев, Қ.Б. Жарықбаев, М.М. Мұқанов және т.б. қарастырды.
  •             Ал, жалпы орта білім беру жүйесіндегі бастауыш мектеп оқушысының тұлғасы мен санасының дамуы қарқынды жүретін, ерекше құнды да қайталанбас кезең. Сондықтан бала бойындағы қабілетті осы бастапқы кезеңде ашу – оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.
  • Бірінші сөздің жалғасы, екінші сөздің бастауы болатын үш әріптен тұратын сөзді тап.

 

  1. Кес (…) дік, жұ(…) ық,                   дәп (…) ме, ой (…) тау.
  2. Екі-екіден әріптер берілген. Бұл сөз тіркесіндегі сөздердің бас әріптері болғандықтан одан тез арада сөз тіркестерін құрап жаз. Мысалы:         3. Нүктенің орнына жақша сыртындағы сөздермен мағыналас сөзді қой.4. Неге бұлай? Себебін түсіндіріп жаз.
  3. Саусақ (…) тырнақ,              құлып (…) есік,                     құпия (…) бояу.
  4. ДА – дана адам.               ТО,        АҚ,     ЖБ,     АТ,      ШЖ.
ҚАСҚЫРБҮРКІТИТМҰРЫН
ЖҚ?

Шығармашылықпен айналысқан оқушының ойы жүйрік, тұғыры биік азамат болып қалыптасады. Сөзбен жүргізілетін жұмыс түрлері сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан ойлауға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады. Мысалы:

Берілген сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді теріп жаз:

Қыран          қала       Дархан

Мұз              бұлақ    есек

Қысым         сүт        киім

Оқушылардың ерекше қызығушылықтарын туғызған тағы бір жұмыстың түрі ─ өмірде көп кездесетін, бір қарағанда «жағымсыз» болып көрінетін кейбір оқиғалардың «пайдалы» жағын айтып беру [4];

Мысалы: «Төбелес» деген сөздің жаман және жақсы жақтарын анықтау;

Сынып жоғарылаған сайын әртүрлі тақырыптарға, олардың ішінде қиял-ғажайыптары да бар әңгімелер жазуды тапсыруға болады. Мысалы мынадай тақырыптар: «Бұл өте қызықты», «Ең қымбат нәрсе», «Мен қалай құмырсқа болдым»,  «Қасық болған күнім», солай-ақ өзіңді бір сәт үй мүлкінің бірімін деп есептейді.

Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері.

  1. Әр түрлі кездесулер өткізу.
  2. Әр түрлі тақырыптарда сайыс, интеллектуалдық ойындар, бірнеше шығармашылық турдан тұратын сайыстар, пікірталастар өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу.
  3. Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалану.
  4. Әрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинау, реферат жазу.
  5. Балаларға арналған басылымдарға оқушылардың шығармашылық жұмыстарын үнемі жіберіп отыру.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

            Сабақ барысында балалардың шығармашылық қабілетін анықтау және дамыту үшін мынадай дидактикалық ойын түріндегі жаттығуларды пайдаланып жүрмін. Өзіміз білетіндей, шығармашылықтың белгілері әртүрлі болғандықтан біз пайдаланатын әдістемелер де әртүрлі.

«Фильм ойлап тап» ойыны.

Мақсаты: есті, шығармашылық қабілетті дамыту.

Нұсқау: сендерге мен қазір сөздерді оқимын. Сендердің міндеттерің – сөздерді естеріңде сақтап, сол сөздермен өздерің қалауларыңша әңгіме, фильм, ертегі құрастыруларың қажет. Сөздерді екі рет оқу қажет. 10 минут уақыт беріледі.

1 доп                          4 сақал                       7 алма             10 қар

2 үстел                       5 сарқырама  8 кілем

3 алау             6 шал                          9 күлкі

 

«Жалпы және әр түрлі» жаттығуы.

Мақсаты: дивергентті ойлауды дамыту

Нұсқау: торт пен бәтеңкенің арасындағы 6 жалпы және әр түрлі белгіні тап. Сол айырмашылықты табуға 10 минут уақыт беріледі.

Әр түрлі:                                                       Жалпы:

1_________________                                   1_________________

«Кім шапшаң?» ойыны. Біріңғай дауысты не дауыссыз дыбыстар әрбір мақал — мәтелдің бас әріпі . Ойланып көр де, орнына қой.

 

  1. Т…- қ… ө…
  2. А… с… – а…, к… с… – к…
  3. А… с… а… ө…
  4. Б… б… т…
  5. Б… е… а… е… е… қ…
  6. Ж… с… ж… с…

(Мұғалімге түсіндіру : С… – с… ө…, т… е… ө… — Сөз – сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді).

Ұстаз қандай әдіс-тәсілді қолданса да, мақсат біреу – ол оқушыларға тиянақты  да сапалы білім беру. «Алдыңа ұлы мақсат қойсаң, ұлылыққа жетесің», — деп данышпан ақындарымыз айтпақшы, барлығымыз бірге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарасақ қана алдымызда тұрған көптеген қиыншылықтардан қиналмай  өтеміз деген ойдамыз. Әлемдік білім беру кеңістігінің талаптарына сай болатын, ең алдымен ұлттық жаңа әдістемелердің бүр жаруына, оның өркендеп, тереңге тамыр жайып жас өскіннің алып бәйтеректей қатайып, нығаятынына нық сенеміз.

Орынбасарқызы Жанбала

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің»

оқытушысы,

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.