Бүкіл еліміздегі сияқты Семей қаласында да Білім Күні айрықша салтанатпен атап өтілді. «Білім айнасының» ШҚО облысындағы тілшісі ретінде Айгүл Әлімбекқызы басқарып отырған N17 мектептегі «Алғашқы қоңырау» мерекесіне қатыстым.
Енді осы турасында толығырақ сөз ететін болсақ, шашу шашылып, бірінші сынып табалдырығын аттағандарға Тұңғыш Президент сыйлығы тарту етілді. Мектептің облыс пен республика көлемінде оза шауып, бәйге алып жүрген каратэші шәкірттері өз өнерлерін ортаға салды. Жиын мектеп әнұранының орындалуымен өз мәресіне жетті. Қазір мектептегі 38 сыныпта 780 бала білім алып жатыр. Оларға 70 мұғалім сапалы білім және саналы тәрбие беріп жатыр.
Жалпы аталған мектепте қазіргі кезде 1-3 және 5-8 сыныптар жаңартылған мемлекеттік бағдарламалар бойынша білім алып жатыр. Мектеп директорының айтуынша 5-6 сыныптарға «Робототехника» курсы енгізіліп отыр. Ал, 1-3 сыныптарда «Менталды арифметикаға кіріспе» оқылатын болады. Әрі жоғары сыныптарда «Физика» пәні ағылшын тілінде оқытыла бастады.
Бұдан кейін информатика пәнінің ұстазы Нұрғали Көккөзов жетекшілік ететін «Робототехника» кабинетінің ашылу салтанатына қатыстық.
Әбіл-Серік Әбілқасымұлы