Home » Жаңалықтар » Білім және ғылым вице-министрі озат оқушылармен жүздесті

Білім және ғылым вице-министрі озат оқушылармен жүздесті

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева «Білім-инновация лицейінің» (бұрынғы Қазақ-түрік лицейлері) озат оқушыларымен кездесті.

«КАТЕV»  қоры ұйымдастырған «Оқу орнын дамытудағы менің үлесім қандай?» тақырыбындағы форумға бүкіл Қазақстаннан өзін-өзі басқару белсенділері жиналды. 35 мектеп президенттері жиналған шара барысында оқушылар Мәжіліс және Сенат депутаттары мен белгілі қоғам қайраткерлермен кездесті, мұражайларға экскурсия жасады. Сондай-ақ интеллектуалды ойындар ойнап, волейболдан турнирге қатысты.

«Еліміздің әрбір азаматы мектеп кезінен елінің дамуына үлес қосуға атсалысу керек. Мектеп ұстаздары қазіргі заман талабына сай шәкірттер дайындау керек. Әр мектепте өзін-өзі басқару комитеті бар болғаны қуантарлық жағдай. Олардың мектепке, ата-аналарға, оқушылардың өздеріне берер көмегі мол», – деді вице-министр.

«Жақында ҚТЛ-дер «Білім-инновация лицейі» болып ауыстырылды, бұл жаңалық жаңа мақсаттар мен жоғары биіктіктерді бағындыруға жол ашады, біздер бұл мақсаттарға қол жеткізеді деп сенеміз», – деп өз ойын білдірді Э.Суханбердиева.

Вице-министр Мемлекеттік білім бағдарламасы жайлы, алдағы уақыттағы жоспарлар жайлы және енгізілген жаңалықтар жайлы баяндады. Сонымен қатар, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай оқушыларға ҚР БҒМ атынан электронды смарт-сағаттар сыйлады.

Әрбір оқушы қалаған сұрағын қойды, солардың бірі «Эльмира Амангелдіқызы, сіздің 4 балыңыз бар екені рас па? Балаларды тәрбиелеп, ана болумен қатар вице-министр болу мүмкін бе?» деген сауал болды.

«Бәріне үлгеру керек! Адам баласы бәріне үлгеруге болады, тек уақытты дұрыс жоспарлап, жұмысқа да, отбасыға да жауапкершілікпен қарау қажет», – деп жауап берді вице-министр. Кездесуге қатысушылардың 9-ы қыз бала болды.

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.