Home » Жаңалықтар » Білім және ғылым вице-министрі дарынды балалармен кездеседі

Білім және ғылым вице-министрі дарынды балалармен кездеседі

6 желтоқсан күні Білім және ғылым вице-министрі Э.Суханбердиева республикалық және халықаралық пән олимпиада жеңімпаздары — дарынды балалармен кездеседі. Кездесуге республикалық және халықаралық пән олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздары, жалпы саны 42 оқушы шақырылды. Кездесу бағдарламасына сәйкес кездесу аясында «Нұр Әлем» Ұлттық павильонында экскурсия ұйымдастырылады.
Айта кеткен жөн, тәуелсіздік жылдары республикамыздың дарынды балалары әлемдік аренада Қазақстанның беделін жоғары деңгейге көтерді. Математика, физика, химия, биология, информатика, география пәндері бойынша халықаралық олимпиадаларда қазақстандық оқушылар үздік көрсеткіштерге қол жеткізген. Қазақстандық дарынды балалар жалпы 11292 медаль жеңіп алған, оның ішінде 2335 алтын, 3476 күміс, 5146 қола және 335 мақтау грамоталары. Жаратылыстану-математика пәндері бойынша өткен халықаралық беделді олимпиадаларға қатысып, Қазақстан құрама командасы әлемде 10 орынды иеленді.
Өтетін орны мен уақыты: 2018 жылы 6 желтоқсан, сағат 11.00-де, EXPO 2017: ҰЛТТЫҚ ПАВИЛЬОН «НҰР ӘЛЕМ»– лекторий, 4 қабат.

Журналистерді аккредиттеу үшін: pressa.edu@gmail.com Маржан 87024480838, Арман 87027259713.

 

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.