Home » Абайтану » Білім беру ұйымдары арасында «БІЛІМ ОРДАМ — 2018» тележурнал байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ

Білім беру ұйымдары арасында «БІЛІМ ОРДАМ — 2018» тележурнал байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ

 

«Келісемін»

ҚР БҒМ  Мектепке дейінгі және орта білім
департаменті директорының міндетін атқарушы З.Ә. Мақсұтова

19.10.2018 ж

«Бекітемін»

«Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық газетінің бас редакторы  Қ.А. Қатшабаев
19.10.2018 ж

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Ереже білім беру ұйымдары арасында (балабақша, мектеп, колледж) «Білім ордам – 2018» тележурнал байқауын өткізу және оған қатысу  тәртібі мен шарттарын реттейді.
  2. Аталған байқау білім беру ұйымдары арасында озық іс-тәжірибелерін таратудың негізгі нысаны болып табылады.
  3. «Білім ордам – 2018» тележурнал байқауын ұйымдастырушы – «Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық газеті.
  4. «Білім ордам – 2018» тележурнал байқауын ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті және ұсынылған жұмыстарды сараптап, бағалау мақсатында Сарапшылар тобы құрылады.
  5. Аталған байқау қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, ведомствалық және меншік нысанына қарамастан кез — келген білім беру ұйымы қатыса алады.

 

  1. Байқауды ұйымдастыру мен өткізу
  1. «Білім ордам – 2018» тележурнал байқауының негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарында шығармашылықпен, кәсіби шеберлікпен жұмыс жасайтын педагогтардың тынымсыз еңбегі мен сол ұжымның жұмыстарын көрсете отырып, үздіктерді бір-біріне үлгі ету, тәжірибе алмасу алаңын жасақтау.
  2. «Білім ордам – 2018» тележурнал байқауының тақырыбы – «Жаңартылған білім мазмұны және білім берудегі инновациялар: ізденістер мен шешімдер»:

— әрбір білім беру ұйымы өздерінің жұмысы қамтылған тележурнал (видеофильм түрінде) әзірлейді. Тележурналда ұйымның кешегі мен бүгінді  қамти отырып, өздерінің жаңартылған білім беру мазмұнын және заманауи инновацияларды енгізу жолында бірлесе атқарып жатқан еңбектері мен жеткен жетістіктерін бұқараға көрсетуі қамтылуы тиіс;

— видеофильм ретіндегі тележурнал 7 минуттан аспауы тиіс (ақпараттар көбірек қамтылса, соғұрлым құнды болады);

— ұсынылатын жұмыс дыбыспен сүйемелденуі қажет (қай тілде болатынын білім беру ұйымы өздері таңдайды);

— видео жұмысты міндетті түрде  flv, flv4 не mp4 форматына сақтау керек, себебі сол форматпен жіберіледі;

— сайысқа қатысу үшін белгіленген жарнаны қосымшада қоса беріліп отырған реквизитке төлеулеріңіз (17 648 теңге) керек;

— әзірленген жұмыстарды балабақша меңгерушісі, мектеп немесе колледж басшысы кол қойған ілеспе хатпен және жарнасы төленген түбіртекпен бірге ai2050kz@gmail.com эл. почтасына жіберулеріңіз немесе «Білім айнасының» редакциясына әкеліп тапсыруларыңыз қажет.

— жұмыстарды 2018 жылғы 26 желтоқсанда сағат 18:00 ге дейінгі мерзімде жіберу немесе редакцияға табыстау міндетті (бұл уақыттан кешіксе қабылданбайды);

— байқауға келіп түскен құжаттар 2019 жылғы 7 қаңтарда сағат 18:00 «Білім айнасының» сайтына жарияланады, 2019 жылғы 30 қаңтарда сағат 18:00 сайт қаралымы мен сарапшылар пікірін ескере отырып сайыс қорытындысы шығарылады (жеңімпаздар анықталады);

— жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі қосымша хабарланады.

  1. «Білім ордам – 2018» тележурнал байқауының жеңімпаздары ақшалай сыйлықпен  марапатталады:

Бас жүлде – 1 000 000 теңге;

І ОРЫН – 700 000 теңге

ІІ ОРЫН – 500 000 теңге

ІІІ ОРЫН – 250 000 теңгe

Сонымен қатар 6 білім беру ұйымына 50 000 теңге көлемінде ынталандыру сыйлықтары табысталады. Жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы және «Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық газетінің Алғыс хатымен марапатталады.

  1. Байқауды бағалау
  1. Сарапшылар құрамына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ филиалдарының өкілдері және т.б. енеді. «Білім айнасы» газетінің ұжымы мен бас редакторының пікірі ескеріледі.
  2. Бағалау критерийлері — ұжымның білім берудегі озық инновацияларды оқу-тәрбие процесіне енгізудегі жұмысы, жаңашылдығы мен идеясы, бастамашылдығы, креативтілік, жеткен жетістіктері, болашаққа жоспары, оқушыларды тәрбиелеудегі үрдісі, ұстаздар мен ата-ананың үлесі назарға алынады;
  3. Байқауға келіп түскен жұмыстарды бағалау 2 кезеңнен тұрады:

— Интернет желісі арқылы дауыс беру;

— Сарапшылар құрамының бағалауы.

Байланыс телефондары: 8 705 444 81 51, 8 (7172) 76 93 79, 8702 168 49 87

Жоба авторы; Қатшабаев Қуантай

Қосымша

                         Реквизиты

 Реквизиты: ТОО, «BILIM AINASY»

Юридический адрес/ фактический адрес: г.Астана, Ш.Құдайбердіұлы 26, 85

Телефон:  +7(7172) 76-93-79, +7705 444 81 51, +7701 601 11 37

Номер патента:  2216 — Е

Расчетный счет: KZ96722S000001541966

Банк:  АО «KASPI BANK» г. Астана

БИК:  CASPKZKA

БИН: 180 840 031 414

Адрес электронной почты: ai_2050@mail.ru или  janabilova87@mail.ru

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.