2017 жылдың 22 мамыры мен 2 маусымы аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ» «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мақсатында нормативтік-құқықтық құжаттарды білуге, мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отандық және шетелдік тұжырымдардың концептуалдық негіздерін игеруге аса көңіл бөлінді.
Оқытудың интерактивті түрінде ұйымдастырылған дәріс, тәжірибелік және тренинг сабақтарында теориялық білімдер практикалық жұмыстар барысында бекітілді. Сонымен қатар тәжірибеде мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жобалаудағы нақты мәселелерді шешу үшін игерілген әдістемелік білімдерді тиімді қолдану жолдары қарастырылды.
Тыңдаушылар арасында мектепке дейінгі балалардың дамуы және тәрбиесіне психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету және өзіндік педагогикалық әрекетіне талдау жасау сұрақтары аса қызығушылық тудырды.
Білім беру процесін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалауда инновациялық тәсілдерді қолдану балаларды қызығушылықтары мен қабілеттеріне қарай сапалы біліммен қамтамасыз етері сөзсіз.
А.К. Кабденова
«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру»
кафедрасының аға оқытушысы