Home » Жаңалықтар » «Білім беру парадигмасының өзгеру жағдайы: жаңартулар, мәселелер, тәжірибелер» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік оn-line  конференция  ұйымдастырылды

«Білім беру парадигмасының өзгеру жағдайы: жаңартулар, мәселелер, тәжірибелер» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік оn-line  конференция  ұйымдастырылды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында 2017 жылдың 24 ақпаны күні «Білім беру парадигмасының өзгеру жағдайы: жаңартулар, мәселелер, тәжірибелер» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік оn-line  конференция  ұйымдастырылды.

Конференция педагогтардың кәсіби құзіреттілігі мен білімін инновациялық қызметте арттыру, әлемдік және отандық тәжірибелік мәселелерді талқылау мен ендіру және білім мен ғылымды дамыту бағытында пікіралмасу мақсатында өткізілді.

Конференция жұмысына Ресей Федерациясынан, Өзбекстан, Беларуссия мемлекетінен, еліміздің барлық өңірлерінен ғалым-педагогтар, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының қызметкерлері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары, мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты.

 

 

 

 

 

Шараға қатынасушылар білім беру парадигмасының өзгеру жағдайындағы жаңартулар мен өзекті мәселелерді көтере отырып, педагогтар тәжірибелерін зерделеп, жаңашылдыққа бағытталған ізденісті еңбектерін, іс-тәжірибелерін ортаға салды, талқылау жасады.

Конференция қорытындысында ұсыныстар қабылданды, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.