Білім беру мазмұнын жаңарту – бұл, ең алдымен, орта білім беру моделін қайта қарау, оның құрылымын, мазмұнын, тәсілдерін, оқыту және тәрбиелеу әдістерін, оқушылардың жетістіктерін бағалау бойынша жаңа жүйесін еңгізу. Білім мен ғылым салаларындағы елеулі өзгерістер жиырма бірінші ғасырда табысты болу үшін әрбір азаматқа қажетті білім мен дағдыларды, қазақ тілін дамытудың да жаңаша жолдарын меңгеруді талап етеді.
Қазақ тілін оқытуда отандық және халықаралық озық үлгілерді тиімді пайдалану, оқушылар бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру – бүгінгі күннің басты талабы. Тілдік дағдыларды дамыту қазақ тілі сабақтарында еркін қарым- қатынас жасауға, сыни тұрғыдан өз көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыландырса, оқушы кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады. Әсіресе, орыс мектептеріндегі қазақ тілі бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту оқушылардың алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Мұндағы негізі басымдықтар оқушылар сыныптан сыныпқа өту кезінде тілдік дағдылар бойынша меңгерген білімдері мен дағдыларын бекітіп, қайталанып тексеріліп, яғни сынып жоғарылаған сайын әр дағды элементтері бойынша оқу мақсаттары күрделеніп отырады.
Курс кезінде мұғалімдер оқу бағдарламасы, оқу жоспары, критериалды бағалауға арналған басшылықты негізге ала отырып, жүйелі жұмыс жасауға үйренуде. Бағдарламаның оқу- әдістемелік кешенінде орыс сыныбындағы қазақ тілін оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер, оқудың үдемелілігі, белсенді оқу, мұғалім жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, қолданылатын әдістер мен тәсілдер,қазақ тілін оқытудағы төрт тілдік дағды, оқушыларды уәждеу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі, оқытуды критериалды бағалау және жоспарлауға дейін негізгі мәселелер қамтылған. Мұғалімдер ықшамсабақтарды жоспарлау мен өткізу барысында қазақ тілін оқытудағы белсенді оқудың әдіс- тәсілдерін кірістіре отырып, оларды оқу мақсатына сай тиімді пайдалана білді, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, тапсырмалар әзірленді.
Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқытуда қолданылатын әдістер мен тәсілдер аясындағы «Табиғи әдіс», «Тыңдау – көру – орындау», «Тіл үйренушілер қоғамдастығы» әдіс- тәсілдері, графикалық органайзерлер мұғалімдердің қызығушылығын тудырып, топтық жұмыста қолдана отырып, тиімділігін зерделеді. Қысқа мерзімді жоспарлар жасау барысында мұғалімдер осы және басқа да белсенді оқу әдістерін шеберлікпен қолданып, ықшамсабақтар кезінде әріптестерімен бөліседі.
Қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін әрбір мұғалімнің назарында үнемі болуы тиіс. Бүгінгі білім беру жүйесіне енгізілген жаңалықтар мен инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана нәтижеге ие болады.
Аманова Гүлхан Сабырханқызы,
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ
тренері