Home » Қазақстан тарихы пәнін қазақ тілді емес сыныптарда меңгерту

Қазақстан тарихы пәнін қазақ тілді емес сыныптарда меңгерту

   Ыдырысов Иса экспериментті сабақ оқыту барысында

 

Жаңартылған білім мазмұнындағы орыс тілді сыныптарда қазақ тілінде Қазақстан тарихын оқыту Айсары орта мектебінде 2016 жылдан бері  эксперимент көлемінде қолға алынған. Ондағы мақсат мектептің орыс тілді контингентін бірте-бірте мемлекеттік тілге тарта отырып Қазақстанның тарихымен таныстыру, төл тарихымызды білгізу болды. Бұл эксперименттің мәні оқушылар тек Қазақстан тарихын біліп қана қоймай, сондай-ақ қоғамымызда қазақ тілінің қолдану аясын дамытуға, жас ұрпақтың болашақта елімізге, халықаралық деңгейде қызмет етуге септігін тигізеді деп есептейміз. Қазақстан халқының үштілділікті меңгеруі әлем мемлекеттерінің арасында  өз орнын ойып алу, жетекші мемлекеттердің қатарында болуындағы, әлемдік деңгейдегі ғылым мен білім дәрежесіне кірігу мақсатындағы сарабдал саясат деп түсінеміз.

Эксперимент барысында оқушылар мемлекеттік тілді онша білмейтіндіктен біршама қиындықтар туындағаны рас. Эксперимент жолында пән мұғалімі Ыдырысов Иса  үшінші жыл нәтижелі жұмыс атқарып келе жатыр. Әзірге жетістіктер де аз емес. Басында  орыс тілінде оқыту  мөлшері басым болды, содан соң қазақша жүктемені көбейттілді. Екі тілде білім алуға балаларда үйренді. Олар қазір Қазақстан тарихын біліп қана қоймой, өз ойларын қазақ тілінде жеткізе алатын жағдайға жетті. Ол қиындықтарды оқушылардың сөздік қорын молайта отырып және топтық, диалогтық оқыту барысында бір-бірімен еркін сөйлесіп, пікір алмасуы арқылы жою қолға алынды. Сонымен қоса үлестірмелі тапсырмалар орыс және қазақ тілінде бірге жазылып, жүргіліп отырады. Дәптерлерде жаңа сөздер мен тарихи түсініктер сөздік қорына тіркеліп, глоссарий жүргіліп отырады. Пән бойынша оқушылар қашықтық байқаулар мен олимпиадаларға қатысып жақсы жетістіктерге жетіп отырады.

«Нұр Отан» партиясының бағдарламасында «2021 жылға қарай үштілділік қазақстандық қоғам үшін алыпты жағдайға айналады» — делінген. Бағдарламаның орындалуы инновациялық өсімді, өндіріс күшінің жұмылғыштығын және өнімді еңбек ету үшін қолайлы ортаны қалыптастыратыны рас.

Қазір мектепте «Қазақ тілді емес сыныптарда Қазақстан тарихы пәнін мемлекеттік тілде меңгерту» эксперименті жалғасуда. Пән бойынша оқушылардың қазақ тілінде сөйлеуі ілгерілеп, Қазақстан тарихы бойынша білімдері толықтырылуда.Бұл эксперимент өз нәтижесін береді деген үміттеміз.

 

 

Сейдина Ақжүніс
Айсары орта мектебі мұғалімі,

Айсары ауылы.
Қостанай ауданы, Қостанай облысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.