Home » Мақалалар » Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтарды кәсіби даярлау мәселелері

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтарды кәсіби даярлау мәселелері

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында білім беру жүйесіне әлемдік стандарттар деңгейіне сәйкес сапалы қызмет көрсету, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамудың мықты ресурсы болуы үшін және мемлекет пен қоғамға барынша пайда әкелу үшін білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндетін қойды.

Қазақстандық білім беру тұлғаны өзінің қандай жағдайда өмір сүріп, еңбек ететіндігін түсіне отырып, қалыптастыруға бағытталған. Осыған байланысты педагогикалық білім беру жүйесін реформалау жүріп жатыр.

Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ облыс мұғалімдері үшін жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарымен қатар түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырады және өткізеді. Біз үшін білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында қазақ тілі пәні мұғалімдерімен ынтымақтастықта жұмыс жасау маңызды. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, білім беру әдіс-тәсілдерін жаңа деңгейде қайта қарастыру жағдайында республикалық және облыстық деңгейдегі іс-шаралар, курстан кейінгі кеңес беру және жаңа форматта жұмыс жасау үшін институттың сайтында қол жетімді тұрғыда орналастырылатын видеодәрістер өткізіледі.

Біліктілікті арттыру институты үшін білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектептердің қазақ тілі мұғалімдерінің кәсіби қызметі шеңберіндегі пән бойынша білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын, мәселелерді шешу тәжірибесін толықтыру, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жасау үшін кәсіби құзыреттіліктерін арттыру міндеті маңызды болып табылады.

Облыс мұғалімдерінің жаңа форматта жұмыс жасауы үшін қазақ тілінде оқытатын мектептердің қазақ тілі сабақтарында бағалау қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Web -конференция өткізу жоспарланып отыр. Аталған облыстық конференцияда білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі сабақтарында қалыптастырушы бағалау қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері, қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы қазақ тілі сабағында оқушылардың оқу уәждемесін арттыру мәселелерін қарастыру болжанады. Сонымен қатар жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқыту жағдайында қазақ тілі пәнін оқытудың ерекшеліктері мен тиімділігі, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі сабағындағы тиімді оқыту аспектілері талқыланатын болады.

Жаңартылған білім беру жағдайында мұғалім мен оқушының қазақ тілі сабақтарындағы бірлескен жетістіктерін кең насихаттау мақсатында «Мұғалім-оқушы» ынтымақтастығы: болашаққа бастар жол» қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған облыстық байқау өткізеді. Байқау материалдары ғылыми бағыттағы материалдар (оқушылармен бірлесіп жасалған ғылыми жұмыстар, жобалар және т.б.); әдістемелік бағыттағы материалдар (оқушылармен бірлесіп жасалған электронды портфолио, оқушы папкасы және т.б.); шығармашылық бағыттағы материалдарды (оқушылармен бірлесіп жасалған әр түрлі шығармашылық жобалар) қамтиды. Аталған іс-шаралар бойынша үздік материалдар институт сайтына орналастырылып, мұғалімдердің оқыту үрдісінде пайдалануы үшін қол жетімді түрде болады.

Педагогтарды өзін-өзі кәсіби дамыту және өзін-өзі жетілдіруге уәждеу, қазақ тілі мұғалімдерін өз жұмысының тиімділігін арттыруға ынталандыру, мұғалімнің өзін-өзі жүзеге асыруға көмектесу үшін жағдай жасау, педагогтардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін өзектеу мақсаты жүзеге асырылады деген сенімдеміз.

А.Е. Кожаниязова

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы

Қостанай облысы бойынша педагогикалық

қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.