Home » Мақалалар » БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАСҚАРУДЫҢ РӨЛІ

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАСҚАРУДЫҢ РӨЛІ

Заманауи талап бойынша Жаңа интеграцияланған білім беру бағдарламасы балалардың білімі мен білігін нақты практикада қолдана білу қабілеттерін дамытуға бағытталған. Бұл мектепішілік басқарушылық шараларға тікелей байланысты болмақ.
Білім беру ұйымын басқаруда менеджменттің құзыреттілік  амалдарына сүйенсек, мектепішілік басқарушылық  қызметте қажетті қабілеттер төмендегідей болуы тиіс:

1.Диагностикалау қабілеті: ұйымдағы ағымды жағдайда түсініп, содан соң мақсатты деңгей мен ағымдағы мақсаттар, міндеттер деңгейін салыстырып, олардың арасындағы айырмашылықтарды жою.

  1. Бейімдеу қабілеті: заманауи өзгерістер мен жаңа талаптарға сәйкес қызмет түрлерін және тиімді ресурстарды күтпеген  жағдайларға бейімдеу.

3.Қатынас жасау қабілеті: педагогикалық ұжым арасында  мақсат-міндеттерді бөлісіп, солар тарапынан келісім мен ынтымақтастыққа қол жеткізу

Негізгі:  Диагностикалау қабілеті. Бұл  басшының  зерттеушілік –ізденушілік, кәсібилік қабілетін көрсетеді. Ол:
-оқу сапасын арттыру;
-оқушылардың жеке білімге қызығушылықтары мен білімнің  қажеттіліктерін түсінуіне ықпал жасау;
-оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту  және оларды ғылыми  зерттеулерге тарту;
-мектептің білім беру жүйесіндегі түпкі мақсатына және мектеп реформаларына атсалысу;
-мектеп проблемаларын шешуге қатысуда өзінің кәсіби  әлеуетін дамыту.
Осы ретте  басқарушылық  қызметтің  басты міндеттері:
Біріншіден,  мамандардың шығармашылық қызмет қасиеттері мен креативтік қабілеттерін дамыту үшін педагогикалық жағдайлар жасау; педагог мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру мен біліктілігін үздіксіз арттыруды, ғылыми — әдістемелік қызметтің жаңашылдығын, түрлері мен әдістерін іздестіруді қамтамасыз ету, әрі үйлестіру тұрақты жаңғырту;
Екіншіден, басқаруда инновациялық үрдістерді нысанаға алу тұлғаны дамытудың өзекті мәселелеріне арқау бола алады. Оның мазмұны   өзара қарым – қатынастық сипатта өзгерістер әкелуі тиіс, шығармашылық ізденістегі ұстаздар қатарын толықтыру; мамандарды жаңалыққа ынталандыру, жұмысын байыту;
 Үшіншіден,  педагог қызметкерлердің кәсіби өсуіне ықпал жасайтын шаралардың бірі ұйымда ұйымдастырылатын шығармашылық қызмет. Ол үшін білім беру мен оқыту әдістемесін қазіргі талап деңгейіне көтеру, мектепте мотивациялық (құлықтандыру)-оқытушылық орта құру;
 Төртіншіден, педагог қызметкерлер еңбегіне бақылау жүргізе отырып, тиісті әдістемелік көмек беру, ауытқушылықты түзету, нәтижелілікті қамтамасыз ету.
Осыдан шығармашыл мұғалімнің бойында сабақ беру өнері, шеберлік, жаңашылдық, ойды түрлендіре білуге қабілеттілік және т.б. қасиеттер қалыптасатынын  байқауға болады.
Қорыта  айтқанда, «Адамның адамшылдығы ең алдымен жақсы ұстаздан»,- деп ұлы Абай айтқандай мектептің сапалы білім, саналы тәрбие беріп, алдыңғы деңгейден көрінуі  мектеп басшыларына  тікелей  байланысты. Бүгінгі оқытудың  басты мақсаты: ғаламдану дәуірінде өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамыта алатын, өз ойын еркін айта білетін, білімді, шығармашыл, қоғам талабына сай өзін көрсете алатын тұлғаны қалыптастырып дамыту. Себеп: сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің кез келген тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алатыны анық.

Валиева  Майра
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы облысы
бойынша  ПҚ БАИ,«Басқару және білім сапасы»
кафедрасының   аға оқытушысы
педагогика ғылымдарының кандидаты

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.