2017 жылдың 10.04-05.05 аралығында Айыртау ауданындағы №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясы қабырғасында қазақ тілі пәнінің мұғалімдері білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын табысты аяқтады.
Курс барысында жаңартылған білім беру бағдарламасы, критериалды бағалау, тәжірибеде іске асырудың оңтайлы жолдарын талдап, теориялық білімдерін шыңдай түсті. Тыңдаушылар белсенді оқытудың стратегиялары мен моделдеуші мұғалімнің рөлін, мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым мен жазылымдағы мұғалімнің орнын анықтай алды.
Курс тыңдаушыларының пікірі бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасы білім беру реформаларын жүзеге асыру қадамдарын, XXI ғасыр оқушыларының қандай дағдыларын дамытудың және пән бойынша білім беру бағдарламаларының құрылымын, критериалды бағалау моделін енгізудің жаңаша қырларын меңгере алды. Тыңдаушылар әр сессия кезеңдерінде теориялық білімдерін тәжірибелік жұмыстар арқылы шыңдап, өзара тәжірибеде іске асыруға дайындықтарын нығыздап, білімдерін толықтырып отыруға белсенді қатысып отырды.
Курс соңында қысқа мерзімді сабақ жоспарларын таныстырылым ретінде дайындап, оқу мақсаттарының қойылуы, белсенді оқу әдістері, саралау әдістері және критериалды бағалау дескрипторлары бойынша бағаланып, курсты табысты аяқтады.
Біліктіліктерін арттырушы Айыртау ауданының қазақ тілі пәнінің мұғалімдері «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ» басшылығына алғыстарын білдіріп, келешекте осындай тиімді курстарға белсене қатысып, үнемі жетістіктерден көрінеміз деген ізгі ниеттерін білдіріп жатты.
Г.Әлжанова
«Гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқыту
әдістемесі және инновациялық пәндерді оқыту әдістемесі»
кафедрасының аға оқытушысы, курс жетекшісі