Мақсаты : Бесбілім беру саласы бойынша балалардың білімдерін тиянақтау . Бала танымының дамыту пысықтау. Ойлау,қиялдау,есте сақтау қабілеттерін толық жетілдіру.Ойындар арқылы ойлау қабілетін арттыру. Бір –бірін құрметтеуге, ептілік пен жылдамдыққа тәрбиелеу .
Көрнекілігі : Суреттер, сандар, әріптер , дамытушы ойындар
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ –жауап, саяхатқа шығу ,жеке — жұмыс, слайд, сергіту сәті
Ұйымдастырушы кезең: Балалар бүгінгі күн қандай тамаша,біз қуанып тұрмыз, қане жүрегімізді ұстап көрейік. Балалар шеңберге тұрып
« Шаттық шеңбері »
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Барлық істі басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.
Ендеше, балалар, бүгін біз білім аралына саяхатқа барамыз. Сендер өздеріңді білімді, ақылды, тәртіпті, мейрімді сондай-ақ шапшаңдықтарыңды көрсетулерің керек. Олай болса балалар білім аралына жету үшін көліктердің қандай түрлерін білесіңдер?
Ауада қандай көліктер жүреді ?
Ал суда ?
Ал жерде қандай көліктер жүреді ?
Дұрыс айтасыңдар, бізге білім аралынан кеме жіберіпті.Осы кемеге бәріміз отырайық. Кемемізді жүргізетін жүргізушіні тағайындап алайық.
Балалар білім аралына дейін жету үшін санамақтар айтайық.
Жарайсыңдар,балалар, білім аралында жетіп қалыппыз.Ой балалар қараңдаршы табиғаты қандай көркем мөлдір су.Қанекей мөлдір сумен бетімізді жуып терең таза ауамен тыныс алайық. Балалар бұл жердегі ағаштар, тастар жай заттар емес сыйқырлы заттар. Бұл өйткені білім аралы әр қайсысында бізге дайындалған тапсырмалар бар.
Мөлдір судың тапсырмасы ?
1-Тапсырма :Жұмбақты шеш ?
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды.
2-тапсырма :Күз мезгіліне байланысты А. Құнанбаев атамыздың тақпағын еске түсіріңдер ?
Және «Қыс» тақпағында білесіңдер ма? Абай атамыз жаз мезгіліне де арнаған тақпағы бар екен .
Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырып жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат жанталаса,
Ата- анадай елжірер жердің жүзі .
— Бір аптада неше күн бар ?
— Бір жылда неше мезгіл бар ?
3- Тапсырма :
Тастың: Күз мезгілінің қандай бізге берер сыйы бар ?
Тас алтын астығымыздың тапсырмасы
бірден онға дейн тура және кері сана.
Суретке байланысты сандарды ретімен орналастыр.
Енді көкөністердің де сұрақтары бар екен ?
«Тапқыр болсаң тауып көр»
сөз жұмбақ.
Далада тұр екі ешкі,
Қорада тұр екі ешкі,
Екі ешкімен екі ешкі болады.
Барлығы неше ешкі?
Бес алмұрттың үшеуін досың сұрап алады ,
Сонда өзінде нешеуі қалды?
Алты қонжық орманға
Бара жатты қорбаңдап.
Бірі олардың шаршады,
Әрі қарай бармады.
Жауабын тез айт,
Қанша қонжық кетті алда?
Қимылдық ойын «Аралар»
Топтасып жұмыс істеу білетіндерін тағы да тексеріп көрейік.
Әр топта «Аюды» таңдайды, қалғандары «Аралара» болады. Аюды залдың сыртына шығарып, Балалар « Гүлді » тығып қояды. Содан кейін «Аю» кіріп, «Гүлді » іздейді, «аралар» тек қана «ж — ж — ж» деп дауыстап көмектеседі. «Аю» «Гүлге » жақындай бергенде, «аралар» «ж — ж — ж» деп қуанып қатты дауыс шығарады. Ал «Аю» «Гүлді »таппай басқа жаққа кетсе, «ж — ж — ж» деп ашуланып дауыс шығарады.
Аққайың ағашының тапсырмасы:
«Дыбыстарды табу, әріп »
Аққайыңның екінші тапсырмасы:
«Сөзді буынға бөлу, қай әріптен басталатынын табу.»
Құстардың тапсырмасы:
Пішіндерден маған ұя жасаңдар ?
Сергіту сәті:
Кәне,кәне тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды соғайық.
Бишілерше бұралып,
Би билейік айналып.
Көліктердің үш түрі бар. Олар ауада ұшады ,суда жүзеді , жерде жүреді .
Ұшақ , тік ұшақ , зымыран .
Кеме ,қайық су асты кемесі .
Жеңіл машйналар , жүк машиналар , поездар ,
Абзал :
Бір дегенім бесік
Шықтым содан өсіп
Екі дегенім елім
Далам тауым көгім
Үш дегенім үміт
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім төзім
Төзе білем өзім
Бес дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт
Балалар, ана , ата , нан , ағаш т.б сөзінде неше дыбыс бар екенін тауып айтады
Ал-ма , Ай- на , а- ғаш
Та- рақ , тау , пар – та , па-арқ , Нар , сан –дық т.б
Үшбұрыш , төртбұрыш, дөңгелек .
(Үстел қасына барып, әр –түрлі пішіндерден қайық құрастырады.
Дайындаған қайықтарын Аққайың ағашына іледі.)
Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз қайда бардық?
Аралда нелерді көрдік?
Енді, кемемізге мініп, туған жерімізге, балабақшамызға қайтайық .
Міне балалар білім аралында өз білімімізді сынап қайттық бәрің бірдей сабаққа жақсы қатысып тапсырмаларды орындап шықтыңдар мен сендерге мадақтау ретінде бес жұлдыздарды
Оразова Гүлмира Ертисовна
Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылы
«Ақ көгершін» балабақшасы
Ересектер топ тәрбиешісі