Home » Жаңалықтар » Білім айнасы ұстаздармен бірге

Білім айнасы ұстаздармен бірге

              Білім айнасы газеті ұлағатты ұстаздар қауымының төл мерекесі – «Ұстаздар күні»  қарсаңында  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында салтанатты мерекелік іс-шарасына қатысты.  Салтанатты мәжіліс отырысында «Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық газеті  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Бауыржан Елеусінов мырзаны және институт ұжымын мерекемен құттықтады.
Мерекелік іс-шара соңында Республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» газеті мен bilimainasy.kz сайтының шығармашылық үрдісіне атсалысқаны үшін  «Өрлеу» БАҰО» АҚ төрайымы Бауыржан Елеусінов, институт төрайымының орынбасары Сәкен Серікбаев, кафедра меңгерушілері Баймырза Қожамберлиев, Булат Ақбембетов, аға оқытушылар Айнұр Жубаниязова, Жанар Жұбауова, Қарлығаш Ескеева, Мария Ормановаға «Білім айнасының бас редакторы Қуантай Қатшабаевтың «Алғыс хаты» табысталды. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.



 

 

Әлібек ҚУАНЫШ
Білім айнасынан

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.