Бүгін Ақсу қаласының №2 бөбектер бақшасында республикалық «Білім айнасы» ғылыми-танымдық газетінің тілшісі Айгүл Молдаш «Педагогтардың шығармашылығын дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Тренингке 22 адам қатысты.
Тренингтің басты мақсаты — педагог мамандарды «Білім айнасы» ғылыми-танымдық газетінің жұмысымен таныстыру. Педагог мамандар үшін бұл газет қала, облыс, республика көлемінде өз еңбектерін таныстыру үшін таптырмас мүмкіндік береді.
Тренинг барысында мақала құрылымы, мақсат-міндеттері, түрлері таныстырылды. Сонымен қатар, топ-топ болып мақала жазуға ұсыныс жасалып, жазылған мақала «Білім айнасы» газетінің сайтына жіберілді.
Қорыта айтқанда, бүгінгі «Педагогтардың шығармашылық қабілітін дамыту» тақырыбында өткізген тренингтің берері өте мол. Тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Айжан Ахметова,
№2 бөбектер бақшасы
Ақсу қаласы