Home » Мақалалар » Ақын да, ғалым да ұстазсыз болмайды…

Ақын да, ғалым да ұстазсыз болмайды…

Мектепке дейінгі мекемедегі ағылшын тілі бағдарламасының авторы Айгүл Кабиденованың білім жолындағы тəжірибесін насихаттау мақсатында облыстық семинар өтті.
Озат тəжірибелі мамандық иесі тəрбиешілерге жол көрсететін үздік тəлімгер екені мəлім. Балабақша ішінде облыстық үш тілдік тақырыпта семинар өткізді, сонымен қатар қалалық Тамыз конференциясына «Шеберхана» өткізіп сертификатқа ие болды.
Жас мамандарға білім сапасын арттыруға жол көрсеткен білікті педагог маман. Қазіргі кезде жас мамандар: А. Хамитова, А. Ахметбекова Айгүл Бақытқызының тəжірибесімен жұмыстарын жалғастыруда. Айгүл Бақытқызы — тек маман иесі ғана емес, сонымен қатар сүйікті жар, аяулы ана, ардақты əже.
Оның еңбегі зор, болашақта биік белестерден көрінуіне сенімдіміз.

Айгүл Артанайқызы

«Ақсу қаласының 2 бөбектер бақшасы» МКҚК басшысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.