Home » Мақалалар » «Білімді ұлт- сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

«Білімді ұлт- сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

15 мамыр күні сағат 18:30 да Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында  Халықаралық отбасы күніне арналған  «Білімді ұлт- сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 70%  ата-аналар қатысты.

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернат директоры: Досмагамбетова Салтанат Сейтжанқызы  ата-аналарды бүгінгі халықаралық отбасы күнімен құттықтап,  жиналысының мақсаты: ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру. «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілуде.  Бұл мереке қазіргі әлемде әрбір «қоғамның ұясы» маңызды екендігін еске салады. Отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде тұрақтылық пен даму факторы болып қалып отыр. Отбасының арқасында мемлекет нығая түседі және дамиды, халықтың әл-ауқаты артады. Отбасының амандығы – елдің даму және ілгерілеу өлшемі екенін айтып, Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі мәселелермен ата-аналарды таныстырды.

ДБОЖО-Тулешова Айжан Шахманқызы «Жыл табысы» бойынша мектеп жүйесінің жетістіктерін слайд арқылы көрсетті.

      ДТЖО-Саликова Елмира Мергенбайқызы  Мектеп оқушыларын тәрбиелеу негізі ретінде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының мақсаты — біртұтас ұлттың бәсекеге қабілетті, сындарлы, күшті, шығармашылық, патриот және белсенді тұлғасын қалыптастыру, жетістікті болашақтың іргетасы тәрбие мен білім беру салты болып табылатынын, «ОТАНЫМ-ТАҒДЫРЫМ», «ӨЛКЕТАНУ», «САНАЛЫ АЗАМАТ» базалық бағыты бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері слайд, бейнебаян  арқылы көрсетілді. Ауданымыздың киелі сокралды жерлеріне карта бойынша ат жорық туризімінің жоспарын ұсынды. Алдағы уақытта жоспар бойынша жұмыс жүргізіледі.

      ДОЖО–Тусупбекова Анаргүл Тұрлыбекқызы 11-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауы, оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасын, оқу процесінің цифрландыруы яғни электронды күнделікке толық көштік ата-аналарға балаларының білімін күнделік «кz» сайтынан қадағалай алатыны жайлы түсіндіріп кетті.

 «Қамқоршылық» кенесінің төрағасы – Жуманов  Ғайниден Кабиденович Отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту және мектептегі қамқоршылық кеңестерінің қызметі. Отбасылық дәстүрлердің қайта өркендеуі — жалпыұлттық идея. Отбасы — баланың жеке тұлғасын әлеуметтендірудің алғашқы институты, оның үлкен ересек әлеміне кіруі бойынша алғашқы қадамы. Бүгінгі таңда оң отбасылық дәстүрлерді қайта өркендету, отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесімен алмасу ҚР тәрбие жүйесінің маңызды міндеті болып табылатына және мектептегі қамқоршылық кенесінің жұмысын  атап өтті.

        Баянауыл ауданы Төтенше жағдай бөлімінің бастығы — Тусупов Орман Тоқтарович  ата-аналарға   «Жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір  қауіпсіздігі жайлы» ережелері мен міндеттерін түсіндіріп айтып ескертті.

Мектеп психологі:  Жұматова Анар Айтанқызы  ата-аналарға  «Бала мен ата-ананың қарым-қатынасы» жайлы слайд, бейнебаян арқылы көрсетті.

Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

 

                                            Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының директордың тәрбие жөніндегі орынбасары
Саликова Елмира Мергенбайқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.