Home » Мақалалар » Ата-аналар жиналысы сапалы білім мен отбасы құндылықтарына арналды

Ата-аналар жиналысы сапалы білім мен отбасы құндылықтарына арналды

Ағымдағы жылдың 15 –мамыр күні еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.  Осыған байланысты Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясында «Білімді ұлт – сапалы оқыту және отбасылық құндылықтар» тақырыбында ата-аналар кеңесінің мүшелері бас қосты. Жиыны 38 адам қатысқан жиналыста бірнеше мәселе күн тәртібіне қойылды. Мәселен, мектеп директоры Бағдан Қайыржанов «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы — білім берудің негізі», директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Қайырханова «Кәсіби бағдар беру жұмысы контекстінде оқушылардың сыртқы жиынтық бағалауының барысы», «Оқу жылының қорытындысы, оқушылардың білім сапасы»,  мектебіміздің Қамқоршылар Кеңесінің төрағасы, Семей қалалық Тілдерді оқыту орталығының директоры Зәуреш Рамазанова қамқоршылар кеңесінің жұмысы жайлы жиналғандарды кеңірек ақпараттандырды.

Бұдан бөлек, отбасылық құндылықтарды насихаттау және отбасы мен мектеп арасындағы өзара іс-әрекетті нығайту жайлы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лариса Абылқасымова, оқу үрдісін цифрлау жайлы аға инженер Айбек Керімбаев, оқулықтарды әзірлеу жайлы информатика пәнінің мұғалімі Зоя Журбенко жан-жақты мағлұмат берді.

Соның ішінде мектеп басшысы білім алушы әрбір оқушының өз еліне, жеріне жаны ашитын, елжанды азамат болып өсуіне мектеп пен ата-аналардың бірлесе атсалысуға шақырды. Ал директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сынып сағаттары, «Шаңырақ» сағаттары, әлеуметтік жобалар арқылы оқушы бойына білім мен тәрбиенің негізі қатар сіңіріліп жатқанын жеткізді.  Қамқоршылық кеңесте өз тарапынан атқарылуға тиісті істердің еңсеріліп жатқанын жиналысқа келген ата-аналар естіп білді. Жиналыс соңында ұрпақ тәрбиесі жолындағы оңтайлы ұсыныстар мен орамды ойлар айтылып, алдағы уақытта осы бағытта бірлесе жұмыс атқару жоспарланды.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы

 Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.