Жүргізуші: Ежелден халқымыздың «Қына тастан, ақыл жастан шығады» деген ұлағатты сөзі бар емес пе. Еліміздің болашағы – білімді жастар. XXI ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Олай болса, қазіргі заман талабына сай білгеннің үстіне біле беруіміз керек. Осы мақсатта өткізгелі отырған бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын осы сайысқа қатысқалы отырғандарға сәттілік тілей отырып, ортаға шақырайық. «Сәлем – сөздің атасы» демекші, алдымен сайысымызды сәлемдесуден бастаймыз. Әр топ өздерін таныстырып кетсін.
I топ – Тапқырлар II топ – Дарындылар.
I тур — «Бәйге»
Тапқырлар тобына:
Ең үлкен арал – Гренландия
Ең ірі ескек аяқты жануар – Морж
Ең терең көл – Байкал
Ең кішкентай құс – Колибри
Ең биік шың – Джомолунгма
Ең жүйрік сүт қоректі – Гепард
Ең ірі құс – Түйеқұс
Ең үлкен материк – Еуразия
Ең су мол өзен – Амазонка
Ең кішкентай мемлекет – Ватикан
Дарындылар тобына:
Ең суыққа төзімді құс – Пингвин
Ең тұзды теңіз – Қызыл теңіз
Ең үлкен түбек – Арабия
Ең терең шұңғыма – Мариана
Ең биік сарқырама – Анхель
Ең үлкен көл – Каспий
Ең биік жануар – Керік
Ең кіші мұхит – Солтүстік мұзды мұхиты
Ең ұзын тау – Кордильер
Ең үлкен шөл – Сахара
II тур — «Географиялық жұмбақтар»
- Ол бар жерде бар ма, жоқ па, білмейсің, Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.(Ауа)
- Жүрсең де жетпейсің, ұшсаң да жетпейсің. (Жел)
- Тұрғыны жоқ елдер, үйі жоқ қалалар, Ағашы жоқ ормандар, суы жоқ теңіздер (карта)
- Есік ашсаң, лап етер, Сабалақ ит сап етер(Жел)
- Қолы да жоқ, көзі жоқ, сурет салар өзі кеп. (Аяз)
- Жылт-жылт етеді, Жыралардан өтеді. (Су)
III-тур «Ғажайып төртік». Бұл бөлімде оқушылар қосымша мүмкіндік ала алады. Алған жағдайда ұпайдың жартысына ғана ие болады.
Тамаша табиғат | 2 | 4 | 6 |
Ғажайып елдер мекені | 2 | 4 | 6 |
Әлем ғажайыптары | 2 | 4 | 6 |
Өсімдіктер әлемі | 2 | 4 | 6 |
Тамаша табиғат.
(2 ұпай) Ұшып келе жатып жеміне төмен қарай самғаған кезде сағ.300 шқ, одан да көп жылдамдамдықпен зулайды.(қосымша көмек. Ол құстардың ішіндегі ұшу шапшаңдығы жөнінен «ең рекордшы құс» атағына ие болған). Сұңқар
(4 ұпай). Оның ұзындығы 2,5 м, салмағы 120кг. Олардың жұмыртқасы да өте ірі. Ол сағатына 70 шқ. жылдамдықпен жүгіреді. (қосымша көмек. Ол Африкада мекендейді). Страус
(6 ұпай) Оның ұзындығы 30 м, салмағы 150000 кг. Оны тіпті 5 қабатты үймен салыстыруға болады.(қосымша көмек). Ол дүние жүзіндегі ең алып жануар). Көк кит
Ғажайып елдер мекені.
(2 ұпай) Қара, Жерорта, Эгей теңіздерімен көмкерілген ел. Жер аумағы 814578 шқ, халқының саны 60 млн.(қосымша көмек. Оның астанасы –Анкара) Түркия
(4 ұпай) Ол елдің халқы үйлеріне көп дүние жинамайды. Үй ішінде шұлықпен немесе жалан аяқ жүреді. Тамақты еденге дастарған жайып ішеді. Ұйықтарда да еденге жатады. (қосымша көмек. Күн елінде орналасқан үлкен ел) Жапония
(6 ұпай) Орталық Еуропада орналасқан біздің ұлтымызбен астасып жатқан ел. Оның тілі қазақ тіліне өте ұқсас. Үлкен қалалардағы икарус автобустары сол елде жақсы дамыған. (қосымша көмек. Астанасы –Будапешт) Венгрия
ФЛОРА МЕН ФАУНА
(2 ҰПАЙ) Бұл қандай өсімдік? (4 ҰПАЙ)Бұл жануардың атауы?
(ГРЕЙГ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ) (Солтүстік бұғысы)
(6 ҰПАЙ)
Бұл жануардың атауы? (ПАНДА)
Бұл не? Бұл не?
Бұл не?
«Сиқырлы әріптер»
Г- Ертедегі ежелгі құрлық – Пангея.
Л — Солтүстік бағытты көрсететін жұлдыз – Темірқазық.
О — Биіктігі 100метрден асатын биік ағаш – Секвоя.
Б — Жердің дәл ортасынан бөліп жатқан сызық – Экватор.
У – Планда кішірейтіліп көрсетілген сан – Масштаб.
С — Жануарлар мен өсімдіктерді қорғайтын аймақ – Қорық.
«Ситуациялық сұрақ»
I-топқа: Ертеде қойшылар ағаш тостағанға сүт пісіріп ішкен. Оны қалай түсіндіруге болады? Жауабы: Тасты қыздырып салып отырған.
Сіздер бейтаныс жерге кемемен жүріп жергілікті адамдармен тіл табыспақшы болып, оларға әр түрлі сұрақтар қоя бастадыңыздар. Олар сіздерге «кенгуру» деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер және адамдар не деп жауап берді? Жауабы: Аустралия. Жергілікті халық тілінде «кенгуру» сөзі «түсінбедім» деген мағына білдіреді.
II-топқа: Сіздер бұл материкте оқымысты ғалым қызметкерлерінен басқа адамды кездестірмейсіңдер. Бірақ, ешқайсысы зәулім ғылыми институттарға жұмысқа бармайды , қарапайым вагон үйлерде тұрады. Бұл қай материк және қай халық? Жауабы: Антарктида және зерттеушілер.
Италияда «ит үңгір» деп аталатын үңгір бар. Оның түбінде ұдайы көмір қышқыл газы тұнып тұрады. Үңгірде адам еркін жүре береді, ит болса, ұзамай сенделіп барып құлайды. Неге? Жауабы: Газ жерден 1-ден артық биікке көтерілмейді. Ит сондықтан құлайды.
«Таң қалмаңыз»
Өнері өрге жүзер, таң қалмаңыз.
Таланты талмай ұшар, таң қалмаңыз.
Таңғажайып әлемі-өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таң қалмаңыз деп, «Таң қалмаңыз» кезеңін бастаймыз (көрермендердің әзілі)
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік
Сөз кезегін қазыларға берейік.
Арамызда тапқыш достар көп екен
Солардың біз нәтижесін көрейік, — деп, сөз кезегін қазыларға береміз.
Ғылымның сырын үғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық,
Жеткізеді сіздерді, география сырына,- дей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.
Аубакирова Раушан Төлеугазиновна,
«І. Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ
География пәні мұғалімі,
ШҚО, Көкпекті ауданы, Шұғылбай ауылы