Home » Баяндамалар » Білікті баланы білімді маман тәрбиелейді

Білікті баланы білімді маман тәрбиелейді

Бүгінде қоғам алдында ұлттық сана-сезім қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Баланы үнемі әдептілікке баулып, оларды дұрыс жолға бағыттау, білімге деген құлшынысын арттыру – заман талабы. Заманға лайық тәрбие, білім беру жаңа технологияларды, тың идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Педагог баланың танымдық ой-өрісін, іс-әрекетін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, тереңдету мақсатында басқа технологиялармен бірге «модульдік технологияны» пайдалануына болады.

Жаңа технологияларды пайдалану негізінде педагог төмендегідей нәтижелерге қол жеткізеді:

  1. Балаға жүйелі тапсырма беруге ұмтылады.
  2. Баланың жан-жақты қасиеттерін байқай алады.
  3. Өзін бағыт сілтеуші ретінде сезінеді.
  4. Баланың еңбегін бағалай алады.
  5. Оқыту барысында барлық баланы қамтуға ұмтылады.
  6. Баланы өз пікірін айта білуге үйретеді.
  7. Шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасайды.

Жаңа технологияларды пайдалану арқылы әр педагог өзінінің терең білімділігі мен біліктілігін, шеберлігін шыңдайды. Жаңа педагогикалық технологияны саралап, деңгейлеп оқыту түрі – балабақшада кең тарап келе жатқан үлгі. Деңгейлік тапсырманың мақсаты – балаға жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсынып, баланы ізденіске, шығармашылыққа баулу. Сапалы білім беру үрдісіндегі жаңа технологияны таңдау, іріктеп ала отырып, шығармашылықпен жүмыс істеу. Осы мақсатта балабақшада үш қызмет біріктіріледі. Олар: валеологиялық, медициналық, психологиялық-коррекциялық және ғылыми- әдістемелік қызметтер. Осы үш қызмет нәтижесінде мақсат, бағыт, басшылық ету, іс-әрекет түрлері белгіленеді.

Баланың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:

-балаға берілген тапсырманың мақсатын айқын түсінуі;

-нақты тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалау;

-тапсырманың орындалу және аяқталу уақытын белгілеу;

-тәрбиешінің тәрбиеленушімен өзара байланысын қалыптастыру;

Баланың бойындағы ерекше қабілеті мен дарындылығын көре білу – педагог үшін аса маңызды. Ол үшін тәрбиеші күнделікті тәрбие мен оқыту жұмысында үздіксіз ізденіп, ерекше қабілеті бар баланы үзбей бақылап, жүйелі білім алуға деген құлшынысын анықтайды.

«Білікті бала» кім? Баланың қабілетін анықтауға біршама уақыт қажет. Қабілетті баланың ақыл-ойы, дербестігі, шығармашылық ой-әрекеті жоғары болады. Ол бала өздігінен ізденіп, жана әрекетке бағыт жасайды. Сондықтан мұндай баланы дер кезінде танып, бағыт-бағдар беріп, көмек көрсету – әр педогогтың міндеті. Педогогикалық, психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік тұрғыдан алғанда білікті бала өзгеше ойлайды, меңгерген білімін ұмытпайды, өте сезімтал, толыққанды, алдына мақсат қоя біледі. Ойлау қабілеті, қиялы ұшқыр, адамгершілігі мол болады.

Білікті балаларды анықтаудағы зерттеу жұмыстары — баланың бағыты, өмірлік позициясы, сенімі, талғамы, қызығушылығы, танымдық психологиялық қасиеттері, зейіні, түйсігі, ойлауы, іс-әрекетін бақылау. Тәрбиеші баланың қабілетін дамыту үшін жоғарыдағы зерттеу жұмыстарын толық меңгерген жағдайда бала дамуын педагогикалық-психологиялық тұрғыдан дұрыс басқара алады.

Жалпы қабілетті дамыту үшін қойылатын талаптар:

  1. Туа біткен қасиетті тану.
  2. Отбасының жағдайы.
  3. Ата-анасының қолдауы.
  4. Педагогтың біліктілігі.
  5. Оқыту мен тәрбиенің мәні.

Осындай талаптар жүзеге асқан жағдайда ғана қабілетті, талапты, талантты баланың ерекше қасиеттерін жетілдіру, оны одан әрі дамыту жұмысы ұйымдастырылады.

Білікті баламен жұмысқа дайындық: Баланың қабілетіне қарай зерттеулер жүргізу арқылы мінездеме жасалып, жоспар құрылып, қосымша білімдік қызмет тәрбие мен оқыту барысында дамыту жұмысы ұйымдастырылады.

Білікті баламен жұмыс: Оқу материалын толық меңгеру, қосымша материалдармен, тестпен жұмыс, балабақшааралық, балабақшаішілік жарыстарға, олимпиадаға қатыстыру, ғылыми жоба қорғау.

Ғылыми жұмысқа дайындық: Баланың көніл күйін, денсаулығын толық анықтау, ата-ананың рухани салауаттылықтарын білу, ғылыми жұмыс жүргізуге кірісу, кездескен проблемаларды келісіп шешу. Мұнда әр тәрбиеші, ең бастысы, табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып ерекше қабілетті баланы дарынға айналдыру үшін аянбай еңбек етіп, қоғам алдындағы міндетін адамзаттық тұрғыдан орындауы керек.

Ғылыми жұмыспен айналысатын білікті бала мен жеке жұмыс жоспары:

  1. Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру.
  2. Еліміздің ғылыми дәрежесін жоғары денгейге көтеретін ұрпақ даярлау.

Ғылыми жұмыспен айналысатын білікті баламен жеке жұмыс жоспары:

1-кезең. Дайындық жұмыс тақырып тандау, ғылыми-зерттеу орындарына саяхат жасау, пайдаланылатын әдебиеттерді, мұрағат, баспасөз материалдарын іздестіру.

2-кезең. Тақырыппен жұмыс: тақырыпқа байланысты жоспар даярлау, жоспар бойынша жұмыс, қорытынды нәтиже.

3-кезең. Тақырыпты қорғау балабақшаішілік, балабақшааралық, облыстық, республикалық байқауларға, олимпиадаларға қатысу.

Педагогпен бірлескен жұмыстардың нәтижесінде ғана білікті бала күндегідей жетістіктерге қол жеткізеді. Демек,балалар арасынан білікті, қабілетті баланы таба біліп, әрқайсысының жеке тұлға ретінде өздеріне деген сенімін арттырып, өзара қатынасты жақсартып, ата-ана мен педагог бірлесе отырып шығармашылықпен жұмыс жасағанда ғана жүргізілген шара өз нәтижесін береді.

Педагогке қойылатын талаптар: Білікті, қабілетті баланы анықтау, ата-анамен мәдениетті сөйлесе білу, білікті балаға арнап бағдарламалар түзе білу, сабақта жаңа технологияны тиімді пайдалана білу, баламен шығармашылық жұмыс істеу, баланың еңбегін дұрыс бағалай білу.

Бала бойындағы қасиетті ашуда әрбір педагог өз жұмысын нақты жүргізе білгенде ғана оның өмірге деген нақты қөзқарасын қалыптастыра алады. Білікті бала бойындағы қабілетті ашуда еркіндік, батылдық, ұшқырлық, сезімталдық, талап, жинақтылық сияқты кешендік қасиеттермен қатар, ерекше ой қызметі, түйсігі, шығармашылыққа деген құштарлығы қалыптасады. Әр педагог өзіндік әлеуметтік кәсіби шеберлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін педагогикалық құзырлығының түрлері мен тәсілдерін меңгеру денгейін сапалы дамыта біледі.

Үздіксіз білім – толассыз, тоқтаусыз білім. Педагогикалық еңбекті бағаламай, оның болашақ қозғалысын бағдарлау мүмкін емес.

-Педагогикалық ұжымды дифференциялау;

-Жаңа бағдарламалар әзірлеу, оқыту, бағдарламалары мен әдістемелерін түрлендіру;

-Баланың біліктілік деңгейін көтеруге қол жеткізу;

-Оқытуда жоғары нәтижеге қол жеткізіп, әдістемені бала деңгейіне бейімдей отырып оқытуға қабілетті педагогтар тобын анықтау.

Педагогты шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

  1. Педагогикалық енбек шеберлері. Оларға жоғары санаттағы педагогтар жатады. Бұл топ мұғалімдері көрнекті сабақтар береді, идеяларға сүйеніп, оларды шығармашылық тұрғыда дамытады, авторлық бағдарлама, әдістемелік құралдар мен тәсілдер әзірлейді.
  2. Педагогикалық шеберлігін жетілдіруші педагог. Шығармашылық, проблемалық топқа талдап, «Оқытудың интерактиві әдістері», «Модульдік оқыту» топтарға бөлініп жұмыстануға болады.
  3. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырушы. Жаңа технологияларды, саладан тыс шаралардың әдістемелерін оқып үйрену, дидактикалық, психологиялық, технологиялық және жалпы мәдени дайындық.

Тәуелсіз ел тірегі — білімді ұрпақ десек, жаңа заман талабы – баланың білімге өз бетінше талпынысы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру. Бұл тұрғыда әр педагог жаңа технологиялар негізінде берілетін білімнің сапалы да, тиімді болуына баса назар аудырып, педагогикалық шеберлікті, біліктілікті, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білуі тиіс.

Алтаева Туймекул Сауранбековна

№31 «Салтанат» бөбекжай-балабақшасы,

әдіскер

ОҚО Шымкент қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.