Home » Баяндамалар » Мектептің даму жоспарын жүзеге асыруда оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері

Мектептің даму жоспарын жүзеге асыруда оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері

«Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблемалар әкелетін жаhандану мен жаңғыртудың әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Жиырма бірінші ғасырдың мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастыққа өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаhандық пікір алуандығының шынайылығын ұғынатын өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек». «Балалар ХХI ғасырда табысты болу үшін нені оқыту керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды.

Осы мақсатта біздің Рудный қаласы әкімдігінің №19 орта мектебі мемлекеттік мекемесінде мектебіміздің даму жоспарын жүзеге асыруда оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдаланып тәжірибе алаңын жасадық.

Дайындалған «белсенді оқу» əдістері арқылы əзірленген оқу мақсаттарының жəне білім беру бағдарламасының жобаға еніп, біздің ұстаздар  қауымына  жаңартылған білім беру бағытымен танысу жаңа серпіліс берді.

Белсенді оқу əдістері арқылы əзірленген оқу мақсаттарының жəне білім беру бағдарламасының бірізділігі, белгілі бір жүйелі білім беру бағытын көздейді. Бұл белсенді оқыту стратегияларының құрамына мыналар кіреді:

«Оқушылардың зерттеу іс-əрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру», «Оқушылардың жеке, топтық жəне тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру», «Оқу үшін бағалау» қағидаты бойынша оқуға қолдау көрсету».

Белсенді оқу оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі əдіс-тəсілдер арқылы қалыптастырады жəне дамытады. Олар: оқушының жеке пікірін тыңдау;

  • Оқушыларды мұқият іріктелген шығармашылық жəне логикалық оқу тапсырмалары арқылы ынталандыру;
  • Оқушылардың оқу мақсаттарына  қол  жеткізуі  үшін   тиімді əдіс- тəсілдерді ұсыну жəне үлгісін көрсету;
  • Әртүрлі стиль мен жанрдағы жазба жұмыстардың үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер беру арқылы жазба жұмыстарын орындауды үйретеді);
  • оқушылардың білім алуына «оқу үшін бағалау» жəне «оқуды бағалау» арқылы қолдау көрсету;
  • оқушылардың пəн  бойынша меңгерген біліміне жүйелі түрде мониторинг жүргізу;
  • оқушының өз білімін жетілдіруіне жəне бағалауына ынталандыратын мүмкіндіктер жасау;
  • түрлі белсенді шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитын іс-əрекетті жүзеге асыру;
  • ізденуді жəне қосымша материал пайдалануды қажет ететін тапсырмаларды ұсыну; зерттеу жұмыстарын жүргізуге жəне зерттеу əдіс-тəсілдерін меңгеруге бағытталатын оқушылардың белсенді оқуын марапаттау;
  • оқушылардың өзара бірлесіп оқуын (сынып ішінде жəне сыныптар арасында) ұйымдастыру;
  • жеке, жұптық, топтық жəне ұжымдық жұмыстарды өзара үйлесімділікпен қолдану.

Атап айтқанда, «конструкторлық жобалау», «фрайер моделі», «ПОПС формуласы», «Пікірлер пирамидасы», «Полиглот» стратегиясы бұрын-соңды естімеген өте жаңашыл, белсенді әдістерді сабақ барысында байқадық. Екі сабақты салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, алғашқы сабақта АВС деңгейіндегі оқушылар белсенді әдістерді бұрынғыша қабылдады, алайда екінші сабақта олар дәл осы әдістерге белсенділік танытты. Бірақ сонда да шығармашылық белсенділіктері мен жаңа идеялар көрініс табуы орта дәрежеде болды. Дегенмен, екінші сабақта қолданған «Теңге алу» әдісі оқушылардың функционалдық сауаттылығының артуына ықпал жасады деп айтуға болады. Себебі теңгенің құнының артуына орай берілетін сұрақтың да қиындауын балалар іштей сезіп, соған сай дайындалып отырды. Екі сабақты бір-бірімен салыстырмалы түрде қарағанда АВС деңгейлі оқушылардың уәжі ескерілді, топта көшбасшы белсенділігі артып, олар шынайы қарым-қатынас орната білді.

Қорыта айтқанда, белсенді оқудың тиімділігі оқушылардың сыни тұрғыдан жəне ойлау дағдыларын қалыптастырады, олардың кез келген ортада тілдік шектеуді сезінбей, өзін еркін ұстауына мүмкіндік туғызады.

Белсенді оқу арқылы  оқушылардың танымдық дағдылары дамып артады. Кез келген материалмен жұмыс жасауда қорытынды шығару жəне есте сақтауға оқушылардың сабақ мақсатына сай не үйренгенін түйіндеу мен түсінгенін анықтау мен қате түсінген жағдайда түзету; оқушыларды өз жұмыстарымен таныстырып, өз идеяларын ұсынуға шақыруға көмектеседі.

Усманова Айкерим Кайратовна,

Қостанай облысы,

Рудный қаласы әкімдігінің

«№19 орта мектебі» КММ,

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.