Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Өткізілген біліктілікті арттыру курстарының сапасын талдау, сондай-ақ олардың тиімділігін айқындау үшін 2016 жылы педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының тиімділігін бағалау бойынша мониторингтік зерттеу жүргізілетін болады»,-деп көрсетілген.
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында жылдар бойы жинақталған бай тәжірибелер еселеніп, жаңа сипаттағы іс-тәжірибелермен толығып келеді.
Мониторингтік қорытындылар диагностикалық параметрлерге негізделген гистограммалық көрсеткіш өнімдері: сызбалар, графиктер, кескіндемелермен айшықты бейнеленіп, нақтыланатын болды. Ең бастысы институт қызметін жетілдіру бағытында орындалу мүмкіндігі жоғары ұсыныстардан тұратын анықтамалық-талдамалы материалдар дайындалып, әкімшіліктің қарауына ұсынылуда. Мониторингтік қорытынды атқарылған іс-шаралар тізбесі болудан, табысты іс-әрекеттерге бастау болатын жоспарлау жүйесі: стратегиялық, филиалдың операциялық, желілік, тақырыптық жоспарлардың арқауына айналды.
Тыңдаушылардың сауалнамасы мен шығыс бақылауын бағалау негізіндегі қысқа мерзімді біліктілік арттыру курстарының сапасы тоқсан сайын шығарылып, филиал басшыларына, кафедраларға курстар нәтижесі, соның ішінде кафедралар көрсеткіші, оқытушылар көрсеткіші, курсты ресурстық қамтамасыз ету көрсеткіші бойынша қысқаша аналитикалық есептер ұсынылады.
Тыңдаушылардың сауалнамасы мен шығыс бақылауын бағалау негізіндегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшы және педагогикалық қызметкерлерге арналған қысқа мерзімді біліктілік арттыру курстарының сапасы артты.
Қысқамерзімді біліктілік арттыру курстарының сапалық мониторингтік зерттеу нәтижесін шығару мақсатында 2016 жылы 611 тыңдаушыдан сауалнамалар алынып, нәтижесі шығарылды.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне 3 қысқа мерзімді біліктілік арттыру курсы өткізілді. Тыңдаушылардың сауалнамасы мен шығыс бақылауын бағалау негізіндегі біліктілік арттыру курстарының сапасы айқындалды. Нәтижесінде курс рейтингісі — 9,86 балл, оқытушы- профессорлық құрамы — 9,82 балл, курсты ресурстық қамтамасыз ету-9,91 балл деп бағаланған. Қысқамерзімді біліктілік арттыру курстарының соңында тыңдаушылардың білімін бағалау мақсатында алынған жалпы курс бойынша тестілік нәтижелері 9,88, жобаларды қорғау нәтижелері 9,72 ТӨЖ нәтижелері 9,71, шағын сабақ презентациясының нәтижелері 9,77 балдық межеге жетіп отыр. Орта мәні (2+3+4+5)/4) жолдар 9,78 балл. Шығыс сауалнама нәтижелері — 9,86 балл.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне арналған 12 қысқа мерзімді біліктілік арттыру курстары өткізіліп, тыңдаушылардың сауалнамасы мен шығыс бақылауын бағалау негізіндегі курс сапасына шығарылды. МДҰ тәрбиешілерінің курс рейтингісі 9,88, оқытушы-профессорлық құрамы 9,85, курсты ресурстық қамтамасыз ету- 9,92 балл.
Курс тыңдаушыларының білімін бағалау қорытынды тестілеу нәтижелері 9,84 , жобаларды қорғау нәтижелері — 9,80, ТӨЖ нәтижелері — 9,80, шағын сабақ презентациясының нәтижелері — 9,86.
Орта мәні (2+3+4+5)/4)жолдар — 9,82, шығыс сауалнама нәтижелері — 9,88 балдық межеге жетіп отыр.
Мектепке дейінгі дайындық топтары мен сыныптарының педагогтеріне арналған 3 біліктілік арттыру курсы өткізілді. Курс рейтингісі 9,83, оқытушы-профессорлық құрамы 9,81, курсты ресурстық қамтамасыз ету- 9,86 балды көрсетсе, курс тыңдаушыларының білімін бағалау қорытынды тестілеу нәтижелері 9,80, жобаларды қорғау нәтижелері — 9,83, ТӨЖ нәтижелері 9,77, шағын сабақ презентациясының нәтижелері 9,74, Орта мәні (2+3+4+5)/4)жолдар — 9,80, шығыс сауалнама нәтижелері — 9,83балдық межені көрсетті.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына 1 курс өткізілді. Курс рейтингісі 9,84, оқытушы-профессорлық құрамы 9,82, курсты ресурстық қамтамасыз ету- 9,87 балды көрсетсе, курс тыңдаушыларының білімін бағалау қорытынды тестілеу нәтижелері 9,77, жобаларды қорғау нәтижелері — 10,0, ТӨЖ нәтижелері 10,0, шағын сабақ презентациясының нәтижелері 9,76, Орта мәні (2+3+4+5)/4) жолдар — 9,88, шығыс сауалнама нәтижелері — 9,76 балдық межені көрсетті.
2016 жылы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының басшы және педагогикалық қызметкерлеріне арналған қысқа мерзімді біліктілік арттыру курстарында менеджментті жетілдіру бойынша 3 курс өткізіліп, 66 тыңдаушыдан сауалнама алынды. Сараптау нәтижесінде курстық рейтингіні тыңдаушылар 9,86, оқытушы- профессорлық құрамы — 9,85 балға бағалады.
Біліктілік арттыру курстарынан өткен тыңдаушылар мониторингтік зерттеу нәтижесін айқындау мақсатында сауалнамаларға берген жауаптарында курстың ресурстық қамтамасыз ету деңгейін «өте жақсы» деп бағалаған — 9,88 балл.
Қысқа мерзімді біліктілік арттыру курстарының соңында тыңдаушылардың білімін бағалау мақсатында алынған жалпы курс бойынша тестілік нәтижелері 9,91, жобаларды қорғау нәтижелері 9,87, ТӨЖ нәтижелері 9,82, шағын сабақ нәтижелері 9,80, шығыс сауалнама нәтижесі бойынша 9,85 балл.
Инклюзивті білім беруді дамыту бойынша 2 біліктілік арттыру курсы өткізіліп, 46 тыңдаушыдан сауалнама алынды. Курс рейтингі 9,95, ОПҚ 9,91 , курсты ресурстық қамтамасыз ету 9,99, Курс тыңдаушыларының білімін бағалау қорытынды тестілеу нәтижелері 9,86, жобаларды қорғау нәтижелері 9,91, ТӨЖ нәтижелері 9,76, шығыс сауалнама нәтижелері — 9,96 балды көрсетуде.
Қосымша білім беруді дамытудың негізгі бағыттары бойынша 1 біліктілік арттыру курсы өткізілді. Курс рейтингі 9,93, ОПҚ 9,89 , курсты ресурстық қамтамасыз ету 9,89, Курс тыңдаушыларының білімін бағалау қорытынды тестілеу нәтижелері 9,76, жобаларды қорғау нәтижелері 9,88, ТӨЖ нәтижелері 9,76, шығыс сауалнама нәтижелері-9,97 балды көрсетуде.
Барлық курстарда курс тыңдаушыларының білімін бағалау мақсатында кіру, шығу тестілері алынды. Тестілік нәтижелері бойынша кіру мен шығу тестілерінің арасында елеулі өсім бар екені байқалды.
Қазақстанның білім беру жүйесінде білім беру үдерісі мен оның қызметінің негізгі көрсеткіштерінің жағдайы туралы ақпаратты жинақтап-қорытуға, талдап-сараптауға, олардың нәтижесімен сапалы білімге жету жөнінде басқарушылық шешім қабылдауға, даму қарқынын болжауға мүмкіндік беретін мониторингтік қызметке сұраныс артып келеді.
Есенбекқызы Мақпал
Қызылорда облысы
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
«Мониторинг және сараптау»
бөлімінің бас маманы